Курск облысы
Курск облысы (орыс. Курская область, Орысша айтылуы: [ˈkurskəjə ˈobləsʲtʲ]) — Ресей құрамындағы федералды субъектісі, облыс. Әкімшілік орталығы — Курск қаласы. 2021 жылғы санақ бойынша облыстың халық саны 1,082,458 адам болған.[1]
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Курск облысы | |||||
| |||||
Елордасы |
Курск | ||||
65-орында | |||||
Барлығы |
29,997 км² | ||||
Барлығы |
1,082,458[1] (2021) 36 адам/км² | ||||
Орталық федералды округі | |||||
Орталық қара топырақты аудан | |||||
Губернаторы |
Алексей Смирнов (м.а.) | ||||
RU | |||||
MSK+3 (UTC+7) | |||||
Ресми сайты: |
курскаяобласть.рф |
Тарихы
өңдеуБұл аумақты северяндар славян тайпалары мекендеп жүрген. 830 жылдан бастап Курск Орыс қағанаты мен Киев Русі мемлекеттерінің құрамына кірді. Курск облысының аумағы соңғы мұз дәуірінің соңынан бері қоныстанғанымен, Курск бекінісінің салынған 1596 жылға дейін қалалар туралы мәліметтер аз. Аумақтағы ең көне қалалар — Курск пен Рыльск, олардың атаулары 1032 және 1152 жылдары тұңғыш рет айтылған көрінеді.[2] XIII ғасырда аймақты Моңғол империясы жаулады.
XV ғасырда аймақ Ұлы Литва кінәздігінің бөлігі болды. Ол Орыс-литва соғыстарында Ұлы Мәскеу кінәздігінің қолына түсті. 1601–1603 жылдардағы орыс ашаршылығынан кейін Орталық Ресейден үлкен көші-қонмен Курск төңірегінде нақты өсу басталды. Облыстың шеттеріндегі Суджа сияқты жерлер XVII ғасырда Слободалық Украинаның құрамында болды және ол жерде украиндар тұрды.[3] 1708 және 1719 жылдар аралығында Курск жаңа құрылған Киев губернаторлығының құрамында болған. 1727 жылдан бастап Курск уезі Белгород губернаторлығының құрамына кіретін болды.[4]
1779 жылғы 23 мамырда Курск губернаторлығы құрылды. Қазан төңкерісінен кейін қазіргі облыстың бір бөлігі және Суджа қаласы 1922 жылға дейін Кеңестік Украинаның бір бөлігін құрады.[5] Курск Украина уақытша жұмысшы-шаруа үкіметінің құрылған жері болды, ал Суджа 1918 жылғы қараша–желтоқсан айларында оның бірінші орны болды.[6]
1934–1954 жылдар аралығында облыстардың шекаралары жиі түзетіліп жатты. Алайда облыстың аумағы мен шекарасы 1954 жылдан бері тұрақты болып қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Курск облысының аумағын 1941 жылғы күзден 1943 жылғы жазға дейін неміс әскерлері басып алды. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқастарының бірі болған Курск шайқасы аймақта 1943 жылғы 5 шілде мен 1943 жылғы 23 тамыз аралығында өтті.
Курск облысының аумағы Кеңес Одағының 4-басшысы Никита Хрущёв дүниеге келген аймақ болды.
2024 жылғы тамызда Ресейдің Украинаға басып кіруі барысында украин әскерлері Курск облысының шекарасын кесіп өтті де, нәтижесінде облыстың бір бөлігі украин оккупациясына түсті.[7][8]
Географиясы
өңдеуКурск облысы солтүстік-батысында Брянск облысымен, солтүстігінде Орёл облысымен, солтүстік-шығысында Липецк облысымен, шығыста Воронеж облысы, оңтүстігінде Белгород облысы және батыста Украинаның Сумы облысымен шектеседі.
Орта-Ресей үстіртінің оңтүстік беткейлерін алып жатыр. Жер беті қыратты, жыралармен қиылысады. Облыстың орталық бөлігі батыстағы Сейм өзені аңғарынан биік. Орташа биіктігі 177–225 метр және Тимско-Щигринский жотасы теңіз деңгейінен 288 метр биіктіктегі ең биік нүктесін қамтиды.
Курск облысы екі негізгі дренаждық аймаққа үлес қосады: Днепр және Дон өзендері. Облыста жалпы ұзындығы шамамен 8,000 километр болатын 902 өзен мен бұлақ бар. Негізгі өзендерге Сейм және Псёл жатады.
Табиғи ресурстары
өңдеуКурск облысы Ресейдегі темір рудасын өндіретін ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Курск магниттік аномалиясының ауданы әлемдегі ең бай темір рудалы кен орындарының бірі болып табылады. Облыста отқа төзімді балшық, минералды құм, бор қазылып, өңделеді. Облыстағы артезиан суының қоры емдік мақсатқа пайдалы болып отыр.
Климаты
өңдеуОблыстың Ресейдің еуропалық бөлігінің орталығында орналасуы аймаққа орташа континенттік климатты береді: жылы жаз және салыстырмалы түрде жұмсақ қыс. Шілдеде орташа күндізгі жоғары температура +19,3 °C. Қаңтардағы орташа ең жоғары температура -8,6 °C. Аязсыз күндердің орташа саны солтүстікте 150-ден оңтүстікте 160-қа дейін. Курск облысындағы вегетациялық кезең солтүстікте 180 күннен оңтүстік-батыста 195 күнге дейін өзгереді. Жауын-шашынның шыңы маусым мен шілде айларында болады. Жылдық күн сәулесі 1,775 сағатты құрайды.
Флорасы және фаунасы
өңдеуКурск облысы Шығыс Еуропа орманды даласының бір бөлігін құрайды. Кезінде Курск облысының төрттен бір бөлігі қалың орман болатын. Қатты ағаштарға емен, шаған және шегіршін кірді. Қазір ормандар облыстың 10 пайызын ғана алып жатыр. Бұл аймақта мекендейтін жануарлар өте көп. Жергiлiктi өзендерде шортан, үкішабақ пен алабұға көп. Кәмшат және борсық, сондай-ақ жабайы шошқа, кермарал мен елік бұл аймақтың көптеген жерлерінде әлі де көп.
Әкімшілік бөлінісі
өңдеуОблыстық маңызы бар аудан мен қалалары
өңдеу№ | Туы | Елтаңбасы | Атауы | Орысша атауы | Әкімш.орт. | Ауданы (км²) |
Халық саны (2021 санақ) |
Тығыздығы, адам/км² |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Облыстық маңызы бар қалалар | ||||||||
1 | Курск қаласы | город Курск | Курск | 189 | ▼440,052[9] | |||
2 | Железногорск қаласы | город Железногорск | Железногорск | 112 | ▼95,578[10] | |||
3 | Курчатов қаласы | город Курчатов | Курчатов | 55 | ▼39,167[10] | |||
4 | Льгов қаласы | город Льгов | Льгов | 38 | ▼16,779[10] | |||
5 | Щигры қаласы | город Щигры | Щигры | 21 | ▼14,386[10] | |||
Облыстық маңызы бар аудандар (муниципалдық округтер) | ||||||||
6 | Белая ауданы | Беловский район | Белая слободасы | 950 | ▼14,659[9] | 16.7 | ||
7 | Большое Солдатское ауданы | Большесолдатский район | Большое Солдатское ауылы | 780 | ▲10,599[9] | 14.8 | ||
8 | Глушково ауданы | Глушковский район | Глушково жұмысшылар кенті | 860 | ▲20,024[9] | 23.6 | ||
9 | Горшечное ауданы | Горшеченский район | Горшечное кенті | 1,400 | ▼14,678[9] | 12.0 | ||
10 | Дмитриев ауданы | Дмитриевский район | Дмитриев қаласы | 1,270 | ▼13,936[9] | 12.3 | ||
11 | Железногорск ауданы | Железногорский район | Железногорск қаласы | 991 | ▲15,478[9] | 16.4 | ||
12 | Золотухино ауданы | Золотухинский район | Золотухино кенті | 1,150 | ▲21,151[9] | 19.4 | ||
13 | Касторное ауданы | Касторенский район | Касторное кенті | 1,230 | ▲14,333[9] | 12.9 | ||
14 | Конышёвка ауданы | Конышёвский район | Конышёвка кенті | 1,070 | ▲8,425[9] | 8.4 | ||
15 | Коренево ауданы | Кореневский район | Коренево кенті | 850 | ▼15,018[9] | 19.5 | ||
16 | Курск ауданы | Курский район | Курск қаласы | 1,620 | ▼54,521[9] | 35.4 | ||
17 | Курчатов ауданы | Курчатовский район | Курчатов қаласы | 700 | ▼17,497[9] | 26.6 | ||
18 | Льгов ауданы | Льговский район | Льгов қаласы | 1,080 | ▲11,942[9] | 11.9 | ||
19 | Мантурово ауданы | Мантуровский район | Мантурово ауылы | 1,010 | ▲11,375[9] | 12.6 | ||
20 | Медвенка ауданы | Медвенский район | Медвенка кенті | 1,090 | ▲16,324[9] | 15.0 | ||
21 | Обоянь ауданы | Обоянский район | Обоянь қаласы | 1,090 | ▼27,923[9] | 27.3 | ||
22 | Октябрьский ауданы | Октябрьский район | Прямицыно кенті | 620 | ▼23,164[9] | 39.6 | ||
23 | Поныри ауданы | Поныровский район | Поныри кенті | 690 | ▲10,893[9] | 16.3 | ||
24 | Пристень ауданы | Пристенский район | Пристень кенті | 1,010 | ▼14,326[9] | 15.5 | ||
26 | Советский ауданы | Советский район | Кшенский кенті | 1,150 | ▼16,348[9] | 15.3 | ||
27 | Солнцево ауданы | Солцневский район | Солнцево кенті | 1,150 | ▼16,348[9] | 15.3 | ||
28 | Суджа ауданы | Суджанский район | Суджа қаласы | 1,010 | ▼25,119[9] | 26.1 | ||
29 | Тим ауданы | Тимский район | Тим кенті | 850 | ▼10,208[9] | 13.0 | ||
30 | Фатеж ауданы | Фатежский район | Фатеж қаласы | 1,300 | ▼16,771[9] | 14.4 | ||
31 | Хотумовка ауданы | Хотумовский район | Хотумовка кенті | 1,150 | ▲8,539[9] | 8.4 | ||
32 | Черемисиново ауданы | Черемисиновский район | Черемисиново кенті | 840 | ▼7,804[9] | 11.1 | ||
33 | Щигры ауданы | Щигровский район | Щигры қаласы | 1,220 | ▼9,470[9] | 8.7 |
Дереккөздер
өңдеу- ↑ a b Оценка численности постоянного населения по субъектам Российской Федерации (орыс.). Росстат. Тексерілді, 1 қыркүйек 2022.
- ↑ Słownik geograficzny Królestwa Polskiego i innych krajów słowiańskich, Tom X — Варшава, 1889. — P. 94.
- ↑ Сумський полк (укр.). Тексерілді, 15 тамыз 2024.
- ↑ ЭСБЕ/Курск — Викитека (орыс.). Уикиқайнар. Тексерілді, 18 тамыз 2024.
- ↑ Який вигляд зараз має місто Суджа, яке контролюють українські військові? Ексклюзив (укр.). Громадське. Тексерілді, 14 тамыз 2024.
- ↑ Міфи та факти про «першу столицю України» (укр.) (28 наурыз 2014). Тексерілді, 15 тамыз 2024.
- ↑ Украинаның "батыл шабуылы" Путиннің "масқарасын шығарып", соғыс тактикасын өзгертті (қаз.), Азаттық радиосы (16 тамыз 2024). Тексерілді 18 тамыздың 2024.
- ↑ Украина әскері Курск облысында 82 елдімекенді бақылауға алғанын мәлімдеді (қаз.), Азаттық радиосы (7 тамыз 2024). Тексерілді 18 тамыздың 2024.
- ↑ a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z aa ab Итоги Всероссийской переписи населения 2020 года (по состоянию на 1 октября 2021 года) (орыс.). Росстат. Тексерілді, 18 тамыз 2024.
- ↑ a b c d Численность постоянного населения Российской Федерации по муниципальным образованиям на 1 января 2024 года (орыс.). Росстат (27 апреля 2024). Тексерілді, 18 тамыз 2024.