Кёңгидо — Оңтүстік Кореядағы ең тығыз қоныстанған провинция. Әкімшілік орталығы — Сувон қаласы (халқы шамамен 1,2 млн адам). Сеул — мемлекеттік астанасы және ең ірі қаласы, — осы провинцияның орталығында орналасқан, алайда құрамына енбейді, себебі ерекше статусты қала болып табылады.

Провинция
Кёнгидо
경기도
京畿道
Gyeonggi-do
Әкімшілігі
Кіреді

Судогвон аймағы

Енеді

28 си, 3 кун

Әкімшілік орталығы

Сувон

Губернатор

Нам Гёнпхиль

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°30′ с. е. 127°15′ ш. б. / 37.500° с. е. 127.250° ш. б. / 37.500; 127.250 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°30′ с. е. 127°15′ ш. б. / 37.500° с. е. 127.250° ш. б. / 37.500; 127.250 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

10 135 км² (5 орын)

Уақыт белдеуі

+9

Тұрғындары
Тұрғыны

11 379 459 адам (2010)(1 орын)

Тығыздығы

1122,79 адам/км² (7 орын)

Ресми тілі

Корей тілі

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

KR-41

english.gg.go.kr

Кёнгидо картада

Координаттар: 37°30′ с. е. 127°15′ ш. б. / 37.500° с. е. 127.250° ш. б. / 37.500; 127.250 (G) (O) (Я)


Тарихы

өңдеу

Кенгидо Чосон әулетінің кезінде Кореяның сегіз провинциясының құрамына кірген провинциялардың бірі. Бұл жер провинция статусын 1413 жылы алған. Кёнгидо атауы Хансон (Қазіргі Сеул)астанасының зонасынан екіжүзкилометрде орналасқан алаң дегенді білдіреді. Хансон Кёнгидоның астанасы болған. Онымен қоса ол бүкіл Кореяға да астана қызметін атқарған.

1896 жылы елді 13 провинцияға бөлу жүйесі өз күшіне енді, және Кёнгидоға оның бұрынғы шекаралары қайтарылды. Провинция астанасы Сувонға ауыстырылды және Сувон қазір де провинцияның астанасы болып табылады.

1945 жылы КСРО мен АҚШ-тың арасында өткен оккупация әсерінен Корея жері 38 параллелмен бөлінді. Хванхэдо провинциясының бөлінген оңтүстік жағы Кёнгидо құрамына кірді.

1946 жылы Сеул провинция статусына ие болады. Сол жылы Кёнгидоның солтүстік жері Канвондо деген Солтүстіккореялық провинцияның құрамына кіреді. 1948 жылы Кёнгидо Оңтүстік Корея деген тәуелсіз, дербес мемлекеттің құрамына кіреді.

1951 жылы территория Кесонның айналасындағы жерлер Солтүстік Кореяның иелігіне көшеді және соғыстан кейін 1953 жылы оның бір бөлшегі болады. Онымен қоса 1953 жылы Кёнгидоның Хванхэдо провинциясына тиесілі болған басым бөлігі, , қайта провинция бөлігіне қайтарылды. 1981 жылы Инчхонқаласы провинциядан бөлініп шығып, өзі жеке провиняция статусына ие болды.

Географиясы

өңдеу

Кёнгидо Оңтүстік Кореяның солтүстік - батысында орналасқан. Шығысында Канвондо провинциясымен шекараласады, оңтүстігінде Чхунчхон-Пукто және Чхунчхон-Намдо секілді провинциялармен, батысында Инчхоном және Сары теңізбен шектеседі. Провинция толығымен Сеулды қоршап тұрады. Солтүстігінде бұл провинция Солтүстік Кореямен шектеседі. Чосон әулетінің кезеңінде бұл провинцияның тағы бір атауы Киджон болған.


Әкімшілік бөлінуі

өңдеу

Кенгидо 28 қала мен 3 уездке бөлінген.

Қалалары

өңдеу
  • Ансан (안산시, 安山市)
  • Ансон (안성시, 安城市)
  • Анян (안양시, 安養市)
  • Ичхон (이천시, 利川市)
  • Йонъин (용인시, 龍仁市)
  • Кванджу (광주시, 廣州市)
  • Кванмён (광명시, 光明市)
  • Квачхон (과천시, 果川市)
  • Кимпхо (김포시, 金浦市)
  • Коян (고양시, 高陽市)
  • Кунпхо (군포시, 軍浦市)
  • Кури (구리시, 九里市)
  • Намъянджу (남양주시, 南楊州市)
  • Осан (오산시, 烏山市)
  • Пучхон (부천시, 富川市)
  • Пхаджу (파주시, 坡州市)
  • Пхёнтхэк (평택시, 平澤市)
  • Пхочхон (포천시, 抱川市)
  • Сихын (시흥시, 始興市)
  • Соннам (성남시, 城南市)
  • Сувон (수원시, 水原市)
  • Тондучхон (동두천시, 東豆川市)
  • Ханам (하남시, 河南市)
  • Хвасон (화성시, 華城市)
  • Ыйван (의왕시, 儀旺市)
  • Ыйджонбу (의정부시, 議政府市)
  • Янджу (양주시, 楊州市)
  • Йоджу (여주시, 驪州市)

Уездтері

өңдеу
  • Йончхон (연천군, 漣川郡)
  • Капхён (가평군, 加平郡)
  • Янпхён (양평군, 揚平郡)

Тағы қараңыз

өңдеу

Кореяның сегіз провинциясы

  NODES