Кір жуу - кірді қолмен немесе кір жуғыш машиналардың көмегімен жуады. Кірлеген заттарды құрғақ күйінде арнайы себетте немесе ауа өтетін саңылаулары бар жәшікте, мүмкіндігінше бөлек бөлмеде сақтаған жөн. Бұйымдарды неғұрлым кірлетпей тез жуса, кір соғұрлым оңай ашылады. Мақта матадан тігілген бұйымдарды аптасына бір рет, табиғи және аралас талшықтардан жасалған бұйымдарды 2—3 күнде бір рет, капрон шұлықтар мен ұйықтарды күн сайын жуған жөн.

Ақ түсті мақта-мата және кенеп бұйымдарды жуу

өңдеу

Жуардың алдында мақта-мата және кенеп кірлерді жүн және жібек бұйымдардан, сондай-ақ ақ кірлерді түрлі түстілерден бөліп алу керек. Ақ түсті мақта мата және кенеп кірлерді жуған кезде сабын, сода немесе жуғыш порошок қосып қайнатады. Түсті бұйымдарды, әсіресе жүн және жібек бұйымдарды қайнатуға, сондай-ақ жуу барысында сілті қолдануға болмайды, себебі матаның оңып кетуі мүмкін. Жуғыш порошоктарды этикеткасындағы ұсыныстарға сүйене отырып пайдаланады. Кірді алдын ала бірнеше сағат суға салып, тым қатты кірлегендерін тағыда 3—5 сағаттай сабынды — содалы ерітіндіге (1 шелек суға 1—2 қасық кір жуатын сода және 40 г сабын) немесе порошок ерітіндісіне батырыл жібітіп қояды. Содан соң кірді қайнату керек. Қайнатқан кезде кір суға толығымен батып тұруы тиіс. Қайнату (содамен және сабынмен, немесе порошок ерітіндісіне) бұйымның қаншалықты кірлегеніне қарай 40 минуттай 60 минутқа дейін (ысытуға кеткен уақыт есептелінбейді) созылады. Қайнатқаннан кейін кірді жуу керек. Жуылған кірді әуелі жылы, содан соң салқын суда шайқап, нілдеуге болады. Кірді жазып, ніл қосылған суға 1—2 рет батырыл, сығыл, жақсылан сілкіп, келтіреді. Кейбір кірлерді (мысалы, сейсеп, көрпе тыс, сүлгі, жастық тысгары) крахмалдағанда нілдейді.

Шілтерлі бұйымдарды жуу

өңдеу

Бұйымдарды жуар алдында қағып-сілкіп, жылы суға салып қояды. Бұл суды 2—3 рет ауыстыру керек. Содан соң көбікті суда немесе жуғыш затпен қатты бұрап, ысқыламай жуады. Жуғаннан кейін 2—3 рет әуелі жылы суда, содан соң салқын суда шайқап, нілдеп, қажет болса крахмалдайды. Терезе перделерін керулі күйде кептіріл, сәл дымқыл кезінде үтіктеген жөн. Шілтерлі заттарды жуардан бұрын ақ матаға көктеп тігіп қойған дұрыс, сонда олар өз формаларын жақсы сақтайды. Шілтерлі заттарды бірнеше қабатталған сейсептің үстіне салып немесе құрған сейсепке орап (15—20 минут), содан соң үтіктеу керек.

Боялған мақта мата және кенеп бұйымдарды жуар алдында түсіне қарай бөліп алу қажет. Болуы оңатын заттарды суға ас тұзын қосып (1 л суға 1 шәй қасық), сабындан жууға болады.

Жүннен және табиғи жібектен жасалған бұйымдарды сілті қосылмаған жылы сула (40°С-тан жоғары емес) қатты ысқы дамай және бұрамай сабындан, сабын ұнтағын салып, синтетикалық жуғыш заттарды қосып жуады.

Жүннен жасалған бұйымдар жұмсақ болып, өңі жылтырап тұруы үшін оларды жуып болған соң амальды ыдысқа сірке суы қосылған су құйын (1 шелек суға 1 шай қасық), шайқаған жөн. Боялған жүн заттарды қыша қосып сабынсыз суға жууға болады (1 шелек суға шамамен 100—150 г қыша ұнтағы). Қышаны аз ғана суда езіп, кір жууға арналған суға қосады. Жуылған заттарды сәл ғана сығып, әуелі жылы, содан соң салқын сула шайқау керек.

Жібек бұйымдарды бұрал сығуға болмайды, оларды белгілі бір уақыт құрғақ мақта матаға (сейсепке) орап, содан соң кетіру қажет.

Ағарту

өңдеу

Мақта және кенеп бұйымдарды ағарту үшін түрлі ағартқыш заттар шығарылады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9


  NODES