Күйек қошқар
Күйек қошқар - қойды қолдан ұрықтандыруға күйлеген саулықтарды анықтау үшін күйек байлап отарға жіберілетін қошқар.
Күйек қошқар күйлеген саулықты қашырып қоймауы үшін, оның бауырына әр бұрышыңда бауы бар ұзындығы - 60 см, ені - 50 см жұмсақ шүберек немесе брезенттен тігілген күйек байланады. Күйек қошқар қажырлы, тұқымының құндылығы 1 кластан кем болмауы керек. Себебі оны күйек науқаны аяқталған соң, күйегін алып 20 күнге дейін саулықтарды қашыруға отарға жібереді.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6