Күнделікпублицистикалық шығарманың бір түрі. Жазушының немесе саяхатшының өз көзімен көріп-білгенін тізіп жазудан пайда болған жанр.

Күнделік жазу

Қарапайым немесе жай күнделіктерде көбіне жеке өмір фактілері, кісі назарын аударған көріністер сөз етіледі. Онда авторлық фантазия аз болады. Ал көркем күнделіктерде жазушының әр алуан ой-сезімдері, алған әсерлері, қызықты оқиғалар т.б. бейнеленеді.

Қазақ ғалым, жазушылары арасында күнделікті алғаш қолданған — Шоқан Уәлиханов (Құлжа күнделіктері).

Күнделікте деректер тарихи еңбектегідей нақтылы болуы екіталай. Өйткені ол жазушының бейімі мен қалауына, сенімі мен дүниетанымына қатысты субъективтірек болады, автордың өз танымы тұрғысынан баяндалады. Жанрлық табиғаты жағынан күнделік мемуарға, жолжазбаға, автобиографияға жақын. [1]

Сілтемелер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
  NODES