Лайош Кошут (маж. Kossuth Lajos; 1802 жыл 19 қыркүйек, Монок (қазіргі Боршод-Абауй-Земплен) — 1894 жыл 20 наурыз, Турин) — Венгрияның саяси және мемлекет қайраткері, революционер, журналист және заңгер, премьер-министр және 1848-1849 жылдардағы Венгриядағы Революция кезінде басқарушы-президент.

Өмірбаяны

өңдеу

1841-1844 жылдары «Пешти хирлап» («Pesti Hirlap») газетін шығарып, Габсбургтердің абсолюттік езгісіне қарсы тұрды. 1849 жылы 2 мамырда Венгрияның жоғарғы билеушісі болып сайланды. 1849 жылы 11 тамызда үкімет билігін венгр ұлттық әскерінің бас қолбасшысы А.Гергейге беріп, өзі эмиграцияға кетті. Австрия үкіметі Кошутты сыртынан өлім жазасына кесті. 1852-1859 жылдары Ұлыбританияда тұрып, А.И.Герценмен кездесті, онымен дос болды. Венгр Халық Республикасында Кошут атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалған. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Маркс К., Кошут и Луи-Наполеон, Маркс К. И Энгельс Ф., Соч., 2 басылым, 13 том; Энгельс Ф., Борьба в Венгрии
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Lajos Kossuth
  NODES