Лао Шэ – қытайдың танымал прозашысы, драматург, публицист. Шын аты – Шу Цинчунь. 1899 жылы 3 ақпанда туған. Кедей отбасында өскен. Ихэтуандар көтерілісінде әкесі қайтыс болады. 6 жасында жекеменшік мектептерден дәріс алады. Бірнеше жыл өткен соң ғана мемлекеттік мектепке ауысады. Лао Шэ мектепті тәмамдаған соң, педогогикалық училищеге түседі. 1917 жылы оны аяқтасымен Бейжіңдегі бастауыш мектептердің біріне директор болып орналасады. Тяньцзиндегі Нанькай университеті жанындағы орта мектепте тіл және әдебиеттен сабақ береді. 1919 жылы Бейжіңге қайта оралып, ағылшын тілін меңгереді. Сол жылы 4 мамыр қозғалысына байланысты өткен «Әдебиет төңкерісінен» кейін студенттер журналына өзінің алғашқы әңгімесін жариялайды. Шетелдерде өмірінің көп бөлігін өткізген. 1966 жылы қала сыртындағы Тайпинху көлінің жағасында оның мәйіті табылады. Жазушы өзіне қол жұмсаған делінеді, алайда бұл пікірді жоққа шығарушылар да жоқ емес.[1]

Лао Шэ
Туған кездегі есімі

Шу Цинчунь

Туған күні

1899ж 3 ақпан

Туған жері

Қытай, Пекин

Қайтыс болған күні

1966ж 24 тамыз

Қайтыс болған жері

Қытай, Пекин

Туындылары:

өңдеу
  • «Философия почтенного Чжана»
  • «Мудрец сказал»
  • «Двое Ма»
  • «День рождения Сяопо»
  • «Серп луны»
  • «Развод»
  • «Записки о кошачьем городе»
  • «История небесного дара»
  • «Рикша»
  • «Чжан Цзычжун»
  • «Огненное погребение»
  • «Четыре поколения одной семьи»
  • «Под пурпурными стягами»
  • «Солнечный свет»
  • «Сказители»
  • «Чайная»

Дереккөздер

өңдеу
  1. http://lib.ru/INPROZ/SHE/
  NODES