Лапыз — Лапыздар (лат. Colchicaceae) тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Пиязға ұқсас баданалы эфемерлі (вегетац. мерзімі қысқа болады).

Лапыз
Colchicum speciosum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
Сабы: Liliales
Тұқымдасы: Colchicaceae
Кіші тұқымдасы: Colchiceae
Тегі: Colchicum
Карл Линней
Синонимдері
  • Abandium Adans.
  • Bulbocodium L.
  • Celsia Boehm. nom. illeg.
  • Eudesmis Raf. nom. superfl.
  • Fouha Pomel
  • Geophila Bergeret nom. reg.
  • Hermodactylum (R.Br.) Bartl. nom. inval.
  • Merendera Ramond
  • Monocaryum (R.Br.) Rchb.
  • Paludana Salisb. nom. illeg.
  • Synsiphon Regel


Қазақстанда өсетін 2 түрі: сары лапыз (C. luteum) және Кессельринг лапызы (C. kesselringii) бар. Биіктігі 10 — 20 см. Сабағы қысқа, жапырағы қандауыр пішіндес, жұмыр, төселмелі. Тамыз — қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — қорапша. Лапыз улы өсімдік. Құрамында колхицин алкалоиды бар. Медицинада Лапыздан жүрек әлсіздігінен болатын ентігуді басатын, шемен, көкжөтел, ревматизм, т.б. ауыруларды емдейтін дәрі алынады. Уланған малға танин ерітілген су ішкізеді, терісінің астына апиын не морфин егеді.

Күздік лапыздың қабыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қарақошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық болады.

Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетелі. Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыртаспалы, жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін жетелі. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп, жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп шығады.

Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Лапыз тұқымының құрамынан жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр, қызанақ) түсімін арттыру үшін қолдануға болады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Colchicum
  NODES