Лафитник
Лафитник - XIX ғ. екінші жартысында қарапайым халықтың шарап рюмкаларына берген аты. Қырлы конус тәрізді арақ рюмкаларына қарағанда ауыр тұрықты аяғы бар қалың шыныдан жасалған. Сол кезде кең тараған лафит — қызыл шарабының атынан туындаған. Лафитник — көлемнің өлшемін білдірмейтін термин. Оның мағынасы — шарап ішуге арналған ыдыс. Бірақ бұл мағына біртіндеп жоғала бастады. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында лафитник деп пішініне байланысты емес жұқа, қымбат шыныдан жасалған кез келген рюмкаларды атаған, соның ішінде хрустальдан жасалған рюмка. Лафитник тек қана орыс тілінде бар (бірақ В.Даль сөздігіңде де, Совет академиялық сөздігінде де, М.Фасмер этимологиялық сөздігінде де көрсетілмеген) сөз. Бұл орташа өлшемді жұқа шыныдан жасалған қызғалдақ пішінді рюмка. Мұндай рюмкалар қызыл шараптарға арналған.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |