Люизит — қоңыр түсті, өткір иісті, тері-іріңдік, тітіркендіретін күшті улағыш зат. Иприттен айырмашылығы әсерінің жасырын кезеңі жоқ. Американ химигі У.Л.Льюстің (1917 ж. улағыш зат ретінде қолдануды үсынған) құрметіне аталған. Техникалық Люизит — ащы, тітіркендіретін иісті, суда ерімейтін, органикалық еріткіштерде жақсы еритін сұйық. Люизит ацетилинді2Н2) үш хлорлы мышьякқа (ASCl3) катализаторларды (АСl3HgСl2 және басқа) қатыстыру аркылы қосу нәтижесінде алынады. Өте қауіпті концентрациясы тыныс органдары арқылы әсер еткенде — 0,25 мг/л (15 мин ішінде); теріге тигенде — 25 мг/кг. Люизиттен қорғану құралдары — газтұмылдырық және қорғаныш киімдер. Онымен уланған жағдайда емделудің ең тиімді жолы — димеркаптопропанал және оны алмастырушылар. Ұрыс операцияларында Люизит қолданылмаған.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001


  NODES