Марица өзені - Балқан түбегіндегі өзен. Алабының көпшілік бөлігі Болгария жерінде. Төменгі ағысы Грекия мен Түркия аралығындағы шекара қызметін атқарады. Ұзындығы 525 км, алабының ауданы 54 мың км2. Рила тауынан басталады, Фракия жазығы және Шығыс Родоп сілемін кесіп өтіп, Эгей теңізіне сазды атырау жасай құяды. Жаңбыр суымен қоректенеді, жазда деңгейі күр түседі. СЭС-ке және жер суландыруға пайдаланылады. Эдирне қаласынан төмен кеме жүзеді. Марица алабында Шығыс-Мариуа қоңыр көмір бассейні орналасқан. Марица жағалауында Пазарджик,Пловдив, Димитровград (Болгария), Эдирне (Түркия) қалалары бар.[1]

Өзен ағысы қызылмен көрсетілген
Марица өзенінің жағасындағы тау жоталары

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы
  NODES