Марк Антоний (лат. Marcus Antonius; 14.01.(б. з. д.)83, Рим — 01.08.(б. з. д.)30, Александрия) — ежелгі Римның мемлекет қайраткері және қолбасшысы, халық шешені.

Марк Антоний
MARCVS ANTONIVS
Ватикан мұражайындағы Марк Антонийдің мүсіні
Ватикан мұражайындағы Марк Антонийдің мүсіні
Туған күні

14.01.б. з. д. 83

Туған жері

Рим

Қайтыс болған күні

1.8.б. з. д. 30

Қайтыс болған жері

Александрия

Қызметі

Ежелгі Римның мемлекет қайраткері, қолбасшы, халық шешені

Әкесі

Марк Антоний Кретик

Анасы

Юлия Антония

3 ретконсулдыққа сайланған - б.з.д.44 ж.; б.з.д.34ж. және б.з.д.31 ж. Б.з.д. 43-33 жылдары - Триумвир болған.

Б.з.д. 51-50 жылдары - квестор.

Азамат соғысы кезінде Цезарьді жақтаған. Цезарь өлтірілгеннен кейін саяси, әскери талас-тартысқа түсіп, ақыры 43 ж. Цезарьдың мирасқоры Октавиан Август және Лепид үшеуі 2-ші триумвират құрды.

Кейін бұлар провинцияларды бөліскенде (б.з.д. 42 ж.), Рим мемлекетінің шығыс аймағын басқарды. Бірнеше жорықтар жасап, б.з.д. 34 ж. Арменияны Рим мемлекетіне қосты.

Антоний мен Клеопатра

өңдеу
 
Антоний мен Клеопатра

Египет патшайымы Клеопатраны жақсы көріп, осы драматикалық махаббатымен аты шығып, көптеген әдебиет шығармаларда және кинода бейнеленген. Марк Антоний 40 жасында 28 жасар Клеопатрамен жақындасып, осы қарым-қатынастан Клеопатра 2 ұл, бір қыз туды. Антоний Клеопатраға және оның балаларына сыйлыққа қыруар жер бөліп берді. Бұл триумвират мүшелерінің наразылығын тудырады.

Сенат Клеопатраға соғыс жариялады. 31 ж. Октавиан әскері Египетке басып кірді. Марк Антоний мен Клеопатраның біріккен әскері Октавианның армиясына қарсы соғысты. Акциумның тұсындағы шайқаста Антонийдің әскері жеңіліп, Клеопатра қашып құтылады.

Антоний Клеопатра қайтыс болды деген жалған хабар естіп өзін-өзі пышақ ұрып өлтіреді.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  NODES