Машина жасауеңбек құралдарын, көліктерді және де қолданыстағы заттар мен қорғаныс өнімдерін жасайтын өндіріс салаларының кешені.[1] Машина жасау салалары физика, инжиниринг және материалтанудың білімдерін қолдана отырып механикалық жүйелерді құрастыруға, өндіруге және оларға қызмет көрсетуге қолданады.

Машина жасау топтары

өңдеу

Машина жасау үш топқа бөлінеді:

  • көп уақыт қажет ететін;
  • көп металл қажет ететін;
  • көп ғылыми жұмысты қажет ететін.

Өз кезегінде бұл топтар келесі салалық топтарға бөлінеді:

  • ауыр машина жасау;
  • жалпы машина жасау;
  • орта машина жасау;
  • нақты машина жасау;
  • металл бұйымдары мен дайындамаларды өндіру;
  • машиналар мен жабдықтарды жөндеу.

Ауыр машина жасау

өңдеу

Ауыр машина жасау — металлургиялық, тау-шахталық, ауыр соқпа-баспылы, көтергіш-тасымалды жабдықтарды, ауыр экскаваторларды, дизельдерді және басқада жабдықтарды шығаратын машина жасау салаларының тобы.[2]

Білдек жасау

өңдеу

Білдек жасау — метал кесуші, жонушы белдіктерді кұрастырып жобалайтын, жасап шығаратын машина жасау саласы.[2]

Технологиялық үдерістің ерекшеліктері

өңдеу

Машина жасаудағы технологиялық үдеріс үш деңгейді қамтиды: дайындық, механикалық өңдеу, жинақтау. Бұл жерде басты құрастыру материалы қара металл, сондай-ақ түсті металдар, ағаш, әйнек өнімдері, химиялық материалдар, жаңа материалдар (композита, пластик және т.б.) кең қолданылады.

Соңғы өнім бір кәсіпорын шегінде шығарылуы мүмкін емес, ол көптеген жеке бөлшектер мен құрамалардан тұрады. Сондықтан да машина жасауда басқа салаға қарағанда мамандандыру мен кооперациялау жоғары дамыған.

Ірі машина жасау кәсіпорындарында мамандану жеке цехтар мен бөлімшелер деңгейінде байқалады, бірақ, әдетте, бір кәсіпорында қажетті барлық жиынтық бөліктері өндірілмейді. Көптеген кәсіпорындар тар шеңберде мамандандырылған болып келеді. Сондықтан да бір-бірімен байланысты зауыттар: толықтырушы өнімдерді жеткізуші және өнімді тұтынушы жұмыс ырғағына тәуелді болады.

Жинақтаушы кәсіпорындар өлшемдері бойынша ең ірілері. Олардың маңына шағын дайындамалар, бөлшектер және толықтырушы құралдар дайындайтын зауыттардан тұратын кешендер қалыптасады.

Машина жасаудағы маманданудың барлық түрінің дамуы сала кәсіпорындарымен қатар, басқа сала кәсіпорындары арасында кооперацияны кең өңндірумен тығыз байланысты. Кооперациялау салаішілік және салааралық, ауданішілік және ауданаралық байланыстарды қалыптастыруды ұйымдастырады.

Кәсіпорындарды орналастыру факторлары

өңдеу

Машина жасау кәсіпорындарын орналастыруға көптеген факторлар әсер етеді. Алғашқы маңызды фактордың бірі - салаланған көлік желісі және қолайлы магистральдардың болуы. Өндірістік байланыстарды көлік және көлік желісінің дамуынсыз жүргізу мүмкін емес.

Өнеркәсіптің өндіруші салалары үшін құралдар, ауылшаруашылық техникасы, станоктар, кеме, автокөліктер, тоқыма өнеркәсібіне қажет құралдар өндіретін машина жасау кәсіпорындары, негізінен, өнімді тұтыну аудандарында орналастырылады. Машина жасаудың кейбір салаларына шикізат базалары — машина жасау зауыттары үшін металл балқытатын қара металлургия кәсіпорындарының шоғырлануын ескеру қажет. Металл қажеттілігі жоғары машина жасау салаларына кен-шахталық және мұнай құралдары өндірісі, энергетикалық машина жасау, сонымен қатар кейбір көліктік машина жасау түрлері (мысалы, тепловоз құрылысы) жатады.

Машина жасаудың көптеген салалары өндіріс үдерісінің жоғары еңбекке қажеттілігімен сипатталады. Мысалы, тоқыма станоктарын жасау 1000 сағат еңбек уақытын жұмсайды. Сондықтан машина жасаудың көптеген салалары халық шоғырланған аудандарға орналасады.

Ғылымды көп қажет ететін салаларға прибор жасау, электроника және электротехника жатады. Ғылым қажеттілігі жоғары машина жасауды орналастыру үшін ғылыми зерттеу орталықтары мен әзірлемелер (ҒЗТКЖ) және білікті еңбек күшінің болуы шарт. Машина жасау кәсіпорындарының көп бөлігі қорғаныс өнімдерін шығарады. Сондықтан да оларды орналастыруда ұлттық қауіпсіздікті ескеретін - әскери-стратегиялық факторлар маңызы.

Машина жасаудың салалық құрамы

өңдеу

Машина жасау кешенің өзінің құрылымы бойынша күрделі. Ол өндірілетін өнімнің қолданысына, ұқсас технологиялары мен қолданылатын шикізат көзіне қарай салалана береді.

Машина жасау кешенінің салалары

  1. Металлургиялық: блюминг, слябинг, пешке арналған жабдықтар.
  2. Энергетикалық: қазандықтар, турбиналар, генераторлар, моторлар, трансформаторлар, энергетикалық блоктар.
  3. Транспорттық: локомотивтер, вагондар, кемелер, ұшақтар, автомокөліктер, құрылыс-жолдары техникасы.
  4. Ауылшаруашылық машина жасау: тұқым сепкіш машиналар, дестелегіштер, комбайндер, тракторлар, астық тазартқыштар, азық цехтары және т.б.
  5. Тау-кен: мұнай, көмір, газ, кен шығаратын машиналар, таулы комбайндар, экскаваторлар.
  6. Құрал жасау: өлшеуіш құралдар, автоматтық, телемеханикалық.
  7. Тұрмыстық техника: теле және радиоаппаратура, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары, асүй комбайндары және басқалар.
  8. Станок жасау: құрал-жабдық өнеркәсібі, металл өңдеуге арналған станоктар, сүргілеуші, ажарлаушы құралдар.

Электрэнергия өндірісі, таратуы және тұтынуы үшін қажетті машиналар мен құрылғылар электротехникалық машиналар деп аталады. Қазақстанда Алматы төменгі вольтты аппаратуралар зауыты, Семей кабель, Өскемен конденсат, Талдықорған аккумулятор зауыты, Қарағанды электротехникалық құрылғылар зауыты, Ақтөбе рентген аппаратурасы зауыты мен Көкшетау оттекті-тыныс алу аппаратуралары зауыты жұмыстарын атқаруда.

Кентау трансформатор зауыты — елдегі электротехникалық құрылғыларды шығарушы жалғыз кәсіпорын.

Бұрынғы №1 Алматы автожөндеу кәсіпорнында "КамАЗ-дың" үш моделін жинау игерілген. "Камаз жүк автомобильді" зауытымен жасалған келісім бойынша Татарстаннан Қазақстанның оңтүстік астанасына машина бөліктері жеткізіледі. Алматыда троллейбустар құрастырылады.

Металл өңдеу мен дайындау саласына Өскемендегі «Ақша сарайы» кәсіпорны жатады. Ол 1992 жылы Үлбі металлургия комбинаты цехының негізінде ұлттық валюта — теңгенің енуімен байланысты ашылды. «Ақша сарайы» Қазақстан Республикасының ордендері мен төсбелгілерін, әскери қызметкерлердің үздік белгілерін шығарады.

Қазақстанның машина жасау кешені 2 мыңнан аса машина, шаруашылық салаларына қажетті құрылғы мен құралдар түрін шығарады.

Сондай-ақ басқа елдерден де станоктар мен автоматты сызықтар, теміржол қозғалмалы құралдары, автокөліктер, кемелер, ұшақтар және т.б. әкелінеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның алдында заманауи автоматты, телемеханикалық құрылғылар, электрондық-есептеуіш және ауылшаруашылық техникалары, автокөліктер және т.б. өндірісін құру міндеті тұр.

Қазақстан машина жасау салалық құрамына және кәсіпорын түрлеріне назар аударыңдар.

Сала барлық облыстарда дамыған, дегенмен 4 аймақта үлкен шоғырлану байқалады: Алматы қаласы, Қарағанды, Қостанай және ШҚО облыстары.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машина жасау. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
  2. a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 ж. — 29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  NODES
Done 1