Меларен (швед. Mälaren) - Швецияның орталық бөлігіндегі көл. Ауданы 1163 км² (кейбір деректерде -1140 км²). Ұзындығы 150 км. Тектоникалық және мұз әрекетінен пайда болған. Тереңдігі 60 м. Меларен күрделі конфигурациялы; көптеген шығанақтары мен қойнаулары бар. 1200 аралдар кездеседі. Каналдар арқылы Балтық теңізімен және Ельмарен көлімен байланыстырылған. Кеме жүзеді, балық ауланады. Меларен жағалауларында Стокгольм, Чепинг, Аестерос қалалары орналасқан.[1]

Меларен

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD. ISBN 9965-893-38-1
  NODES