Басқа мағыналар үшін Мерген (айрық) деген бетті қараңыз.

Мерген – көздеген нысанаға дәл тигізетін шебер атқыш.

A.
Мерген

Мылтықпен не садақпен оқ атып, көздеген затына дәл тигізу – мергендік өнер. Ежелгі және орта ғасырларда садақшылардың ішінде “құралайды көзге атқан” атқыштардан арнаулы әскер тобы – “мергендер тобы” құрылған. Олардың қызметі қазіргі заман әскеріндегі мергендер (снайперлер) тобының қызметі іспетті болды. Мергендердің міндеті жаудың қолбасы, әскербасы, басты батырларын жою, т.б. болды.

Мысалы, Кенесары әскерінде мергендерден құрылған ерекше әскери топ болып, оның басшысы “мергенбасы” деп аталған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары мергендер даярлауға зор көңіл бөлінді. Олар оптикалық аспабы бар мылтықпен жау әскерін құртуға атсалысты. Қазіргі кезде мергендік – спорттық өнер сайысының бірі.
[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы


  NODES
Done 1