Меридиан
Меридиан (лат. meridianus — жарым күндік, тал түс)
- 1) Географиялық (жер) меридиан, жер шарының полюстері арқылы экваторды тура көлденең кесіп өтетін сызық. Меридианның бірі шартты түрде бастапқы (бірінші, нәлдік) болып алынады да, одан бойлықтың шығысқа (шығыс бойлығы) және батысқа (батыс бойлығы) қарай есебі жүргізіледі. Халықаралық келісім-шарт бәйынша бастапқы меридиан Гринвичтегі (Ұлыбритания) обсерватория арқылы өтетін меридиан деп қабылданды. Меридиан көлденең сызықтармен бірге градустық торды құрайды. Ол жер бетіндегі нүктенің орнын анықтау үшін қажет.
- 2) Жердің магниттік меридианы; жердің магниттік өрісінің күш сызығының жер бетіндегі проекциясы болып табылатын және берілген нүктеден өтетін сызық. Магниттік меридиан арқылы өтетін тік жазықтык магниттік меридианның жазықтығы деп аталады. Жер бетінің кез келген нүктесіндегі магниттік жазықтық пен географиялық меридиан жазықтығы арасындағы бүрыш магнитті бүрылу деп аталады.
- 3) Геомагниттік меридиан; жер бетін жазықтықпен кесу сызығы. Жер бетінің кез келген нүктесі және оңтүстік және солтүстік геомагниттік полюстерді қосып түрған түзу сызық арқылы өтетін сызық.
- 4) Аспан меридианы; аспан сферасының зенит пен оңтүстік және солтүстік полюстер арқылы өтетін, үлкен шеңбері.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|