Минет (/mʲɪˈnʲet/; фр. minette [mi.nɛt] «ұрғашы мысық» мағынасын беретін сөзінен шыққан) — жыныстық мүшенің ауызбен, тілмен, тіспен немесе қабылдаушы серіктестің тамағымен пассивті түрде қоздырылатын оралды секстің жалпылама атауы.

Минет

Минет, адамнан басқа, приматтар мен қолқанаттыларда байқалады.

Синонимдері: пенилинкция, фаллаторизм (гр. φαλλός — жыныстық мүше).

Жыныстық мүшені эрекцияға жеткізу үшін, толық емес эрекция кезінде, эректильді дисфункция кезінде, сонымен қатар жыныстық белсенділіктің орнына немесе вагиналды жыныстық акт ауыру тудыратын кезде жасалуы мүмкін.

Минетпен тек адамдар емес, приматтар мен жарқанаттар айналысады.

Пенилинкция, фаллаторизм (ежелгі-грек. φαλλός — жыныс мүшесі) сөздері минеттің синонимдері болып табылады. Хармстың күнделігіне сүйенер болсақ, 1920–30-шы жылдары минет сөзі куннилингусты да білдірген. Минет, адамдар белгілі бір себептермен классикалық жыныстық қатынасқа түсе алмайтын болса, біреуді қоздыру үшін, немесе егер ер адам эректильдік дисфункцияға (импотенция, қоза алмау) шалдықса жасалынады. Минет түрлері және тәсілдері:

Фелляция (лат. fello — сору) — сүю, жалау, сору, немесе ақырындап тістеу арқылы жыныстық мүшені қоздыру. Әдетте жыныс мүшенің басына ең көп көңіл бөлінеді. Қосымша стимуляция ретінде қабылдаушы серіктес қолдарымен/қолымен жыныс мүшесінің діңгегімен қайтымды-ілгерілеме қозғалыс жасайды.

Иррумация (лат. irrumatio — ir- — ішінде + ruma — емшек/үрпі) — оралды секстің белсенді түрі, фелляцияға қарағанда бұл үрдісте жыныс мүшесі ауыз қуысында өз еркімен, дербес қимылдайды. Қабылдаушы серіктес пассивты болып қалады. Иррумацияның ерекше түрі — шұңғыл тамақ. Қозып тұрған жыныс мүшесін толығымен ауызға, одан соң кеңірдекке дейін тығу. Бұл кезде фрикция(үйкелеу) өте жиі қолданылады. Иррумацияда жыныс мүшесін қабылдаушы адамның ауыз қуысына, одан соң тамағына өте белсенді түрде итермелейді.

Аутофелляция (еж. грек. αὐτός — өзім и лат. fello — сору) — өз-өзінің жыныс мүшесін жалап, немесе сору арқылы ляззат алатын минеттің бір түрі.

Қар атысу (ағылш. Snowballing, немесе ағылш. Cum-Swapping — шәует/ұрық айырбастау) — эякулятты ауыз қуысы арқылы сүйісіп не түкіріп серіктеске, немесе бірнеше серіктестерге беру. Ұрық сөлмен араласқаннан көпіріп ұлғаяды, соның арқасында оны келесі серіктеске/серіктестерге беру оңай. Бұл әдіс порнографияда өте жиі кездеседі.

Тарихы

өңдеу

Ежелгі Грекияда минет туралы барлығы білгенімен, адамдардың оған сақтықпен қарады. Ер адам мен әйел, және екі ер адамның минетпен айналысып жатқан сол заманнан қалған суреттер бар. Ежелгі Рим империясында минет және иррумациямен айналысуға тек ерлі-зайыпты емес, немесе гомосексуалды болсаңыз ғана рұқсат етілген.

Минет пен иррумация жасау, гомосексуалды жыныстық қатынас кезіндегі пассивты рөл секілді өте төмен бағаланған. Римдіктер иррумациямен (лат. irrumatio) фелляцияның (лат. fellatio) айырмашылығын анық білген. Бірінші нұсқада адам алушы, ал екіншісінде беруші болып табылады. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында жазылған ежелгі үндістердің «Камасутра» трактатында минет өте терең сиппатталған. Камасутрада фелляция егжей-тегжейлі суреттеліп, куннилингус туралы аз айтылған. Перу елінің моче мәдениеті ерлердің жыныс мүшесіне табынған. Олар керамикада фелляцияның суретін салған. Мәнчжүр, телугу, Камбоджа мен Таиландтың кей өңірлерінде пенисті ұстау, сүю амандасумен теңестірілген, бірақ ондай тәжірибе урбанизация мен вестернизацияның әсернен қазіргі уақытта жойылып кетуге сәл қалды.

Қазіргі жағдайы

өңдеу

Минетті алдын-ала аймалау кезінде серіктесті қоздыру немесе эрекциясын күшейту үшін жасайды. Әйелдер бұл үрдіске жыныстық қатынастың аяқ жағында, екіқабат болып қалмау үшін жүгінеді.

Тағы қараңыз

өңдеу


Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Минет
  NODES