Минор (итал. mіnore, лат. mіnor – кіші, кішкене) – диатоникалық, я эолиялық ладқа сай. Үш дыбыстылық аккордқа және оның өзіндік мәнеріне негізделген үйлесім. Минордың тоникалық -аккордтары төмен, натуралдық дыбыс қатарымен біркелкі емес. Оның негізгі үш дыбыс - тылықтары минорлық түрде кездеседі. Минордың бұл қасиеті оның биязы, нәзік немесе қайғылы үнмен шығуына себепкер болады. Минордың мажорға қарама - қарсылығы музыкадағы суреттеудің негізгі бір үйлесімді әдісі болып саналады.[1] Мажор мен минордың туыс тональносттер болған жағдайда, олардың ең басты айырмашылығы - 3 дыбыс. Қайсысы төменірек, сол - минорлық, не эолиялық ладта жазылды деп айтуға болады.

фа-минор

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8


  NODES