Мулаттар
Мулаттар[1] (испан тілінде mulato, mulo, “мул” – “некеден тыс бала”) — еуропалықтар мен негрлер арасындағы некеден тараған аралас нәсіл өкілдері. “Мулаттар” термині Америка елдерінде Африкадан жаппай құлдар әкеле бастаған уақытта пайда болды. Мулаттар, негізінен, құл иеленушілер мен қара нәсілділді күндердің некелерінен тарады. Негрлердің ағзадағы қанының үлесіне қарай Мулаттарды квартатерондар (1/4 негр қандық үлесімен), октоторандар (1/8), т.б. деп атады. Музыкатанудың түрлі топтары үшін жергілікті атаулар да пайда болды: Ямайкада – мусти және мустафино (1/8 және 1/16) Гаитиде – марабу (7/8), грифор (3/4), мюлатр (1/2), мюстиф (1/8), т.б. Әлеуметтік, нәсілдік қарым-қатынастардың дамуы нәтижесінде бұл терминдердің құқықтық – әлеуметтік мәні біртіндеп жойылып келеді. Нәсілдік араласудың нәтижесінде Американың барлық елдерінде мулаттардың елеулі топтары пайда болып, жергілікті ұлттардың қалыптасуына біршама әсер етті (АҚШ, Бразилия, Колумбия, Венесуэла, Гайана, Суринам, Гвиана, Белиз, т.б.). Мулаттар Латын Америкасындағы бірқатар этностардың негізгі бөлігін құрайды (доминикандықтар, пуэрториколықтар), бразилиялықтардың құрамында да көп. Көбіне (мысалы Бразилияда) Мулаттар термині әлеуметтік-мәдени түсінік ретінде қолданылады. Түрлі есептеулер бойынша АҚШ-тағы афро-америкалықтардың құрамындағы мулаттардың үлесі 70-тен 90%-ға дейін жетеді.
Дереккөздер
өңдеу- Қазақ энциклопедиясы
- Народы мира. Историко-этнографический справочник, М., 1988
- ↑ Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |