Надя Комэнеч

румыниялық спорттық гимнаст

Надя (Надия Елена) Комэнеч[1], немесе Надя Команечи[2] (рум. Nadia Elena Comăneci [ˈnadi.a koməˈnet͡ʃʲ] аудио ; 12 қараша 1961 жыл, Онешти, Румыния), — румыниялық гимнаст, бес дүркін Олимпиада, екі дүркін әлем чемпионы, тоғыз дүркін Еуропа чемпионы.

Надя Комэнеч
Жеке мағлұматтар
Азаматтығы

 Румыния

Туған күні

12 қараша 1961 (1961-11-12) (63 жас)

Туған жері

Онешти, Румыния

Бойы

163 см

1975 жылы 13 жасында Коменеч Скиен қаласында (Норвегия) өткен Еуропа чемпионатына қатысып, біркелкі емес сырықтарда, теңгерімде және секіруд жаттығуларында бірінші рет абсолютті біріншілікті жеңіп алды. Бұл турнирде ол мамандарды бағдарламаның ең күрделі элементтерімен таң қалдырды.

Монреальдағы Олимпиада ойындарында (1976) Коменеч абсолютті біріншілікте жеңімпаз атанды. Ол 1976 жылғы Олимпиада ойындарында «10,0» ең жоғары ұпай алған алғашқы гимнастшы болды. Ол кездегі Omega SA – Олимпиада таблосы дәстүрлі "10" деген ұпайды көрсетуге қабілетсіз, өйткені өндірушілері "10 ұпай ала алатын спортшы әлемде бар" деп ойламаған. Осылайша, оның 10 ұпайы «1.00» болып көрінді.

Монреаль ойындарының қалған уақытында Команеч тағы да жақсы жақсы нәтижелер көрсетті. Командалық біріншілікте күміс медальмен, ал еден жаттығулары үшін қола медальмен марапатталды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. БРЭ, 2009
  2. Надя Команечи: я не жалею ни о чем. Euronews (8 тамыз 2016). Тексерілді, 7 мамыр 2018.
    Надя Команечи: кішкентай коммунистка. DW (19 қараша 2014). Тексерілді, 7 мамыр 2018.

Сілтемелер

өңдеу
  NODES