Нақыл өлең — ғибратты, тағлым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар, өлеңдер. Қазақтың ауыз әдебиеті дәстүріне сүйенген ақындар поэзиясында осындай нағыз халықтық үлгідегі нақыл сөздер тізбегіндей болып келетін өлеңдер жиі кездеседі:

Ақсам батпай күн шықпас,
Ажал жетпей жан шықпас.
Етектен кетсең, жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса, түбі бос болмас.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі
  NODES