НгбандиОрталық Африка Республикасының оңтүстігіндегі және Конго Демократиялық Республикасының солтүстігінде қоныстанған халық. Орталық Африка Республикасында олардың саны 300 мың адам, Конго Демократиялық Республикасында 250 мың адам, Конго Республикасында 10 мың адам тұрады.[1]

Нгбанди
ангбанди, монгванди
Бүкіл халықтың саны

560 000

Ең көп таралған аймақтар
 Орталық Африка Республикасы

300000

 Конго Демократиялық Республикасы

250000

 Конго Республикасы

10000

Тілдері

нгбанди тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер

Тілі

өңдеу

Тілі - нгбанди тілі.[2]

Діні

өңдеу

Сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі наным-сенімдер.[3]

Кәсібі

өңдеу

Негізгі дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, елеусина, құмай, жержаңғақ, жүгері). Олар сондай-ақ ұсақ мал, құс өсіреді, аңшылықпен, терушілікпен айналысады, ағаш кесуде жалдамалы жұмыс істейді. Ағаштан ою өнері дамыған (ыдыс, жиһаз, музыкалық аспаптар, ғұрыптық фигуралар мен маскалар).[4]

Өмір салты

өңдеу

Әлеуметтік ұйымның негізін патрилинейлік топтар мен үлкен отбасылық қауымдар құрайды. Неке вирилокалды.

Елді мекендері ықшам, тікенді бұталардан тұратын қоршаумен қоршалған, әдетте өзендердің жағасында орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек пішінді, балшықпен сыланған сырықтар мен бұтақтардан жасалған, сабанмен жабылған конустық төбесі бар.

Еуропалық үлгідегі киім басым, дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын белдік және зергерлік бұйымдар.

Негізгі тағам – маниок пен тары. Маниок бұрыш дәмдеуіштері бар желатинді тағамды дайындау үшін қолданылады. Тары мен жүгеріден жасалған бәліштер мен ботқаларды тұтынады.

Олардың бай музыкалық және би фольклоры бар.[5]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Современная энциклопедия НГБАНДИ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/7547-%D0%9D%D0%93%D0%91%D0%90%D0%9D%D0%94%D0%98
  2. Современная энциклопедия - нгбанди http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/ngbandi
  3. Значение слова НГБАНДИ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1842705.html
  4. Народы и культуры Нгбанди https://travel-journal.ru/ethno/41/1075/(қолжетпейтін сілтеме)
  5. народы мира / Нгбанди http://www.etnolog.ru/people.php?id=NGBA
  NODES