Нейстон (грек, neusteon — жүзуге қабілетті) — кез келген суқойманың жоғарғы қабатында (5 сманиметрге дейінгі) мекендейтін тірі организмдердің жиынтығы.

Гипонейстонға — судың беткі қабатынан төменіректе тіршілік ететін бактериялар, қарапайымдар, бір клеткалы балдырлар, эпинейстонға — судың ең беткі қабатын мекендейтін су қандаласы, су кырыққүлағы, балықот, т.б. жатады. Нейстонды түщы сулық немесе теңіздік және ұсақ организмдер құрайды. Қара теңіздегі Нейстонды басқын балық (кефаль), түйетабан, жас теңіз шаяны және т.б., тропиктік теңіздерде физилия, инебалық, т.б. құрайды. Теңізді мекендеушілердің көптеген түрлері (шаян, асшаян, теңіз шаяны, қысқышсыз шаян) Нейстонда жүмыртқасымен ғана емес, дерносілімен және жас дарақтарымен коса тіршілік етеді. Мүның бәрі Нейстонның теңіз организмдерінің өсіпкөбеюіне қолайлылығын көрсетеді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5


  NODES