Нусайрилік - Мұхаммед бин әл-Немири (қ.б.ж. 270/833) тарапынан құрылған асыра сілтеуші бір шин тобы. Нусайриліктің көзқарасын батыни түсінік пен анықтамалар құрайды. Нусайрилік құпия түрде жұмыс жүргізгендіктен, тарихы мен көзқарастары ұзақ уақыт жасырын сақталған.

Нусайриліктің құрушысы Мұхаммед бин Нусайри, Шии-Имамияның оныншы имамы Әли ән-Накидің өзін Пайғамбар ретінде жібергенін айтады. Әли ән-Накиге бірқатар илаһи сипаттар беріп, оны илах деп, кейбір адал нәрселерді харам деп қабылдаған. Осындай көзқарастары арқылы өз маңайында асыра сілтеуші шин тобын құрған.

Сонымен қатар, Хусейн бин Хамдан әл-Хасиби Нусайриліктің негізін қалаушысы болып табылады. Нусайриліктің негіздері оның кезеңінде салынып, мазһаб ретінде қалыптасқан. Ол Хасибидің он алты сүреден тұратын «Китабул - Мәжму» атты кітабы Нусайриліктің киелі кітабы болып табылады.

Селжұқтар және Османлы дәуірінде Азияда көптеген көтеріліс әрекеттерін жасаған нусарилер X ғасырдан бастап Сирия мен Оңтүстік Анадолыға орналаса бастады. Кіресшілер, исмаилдықтар және моңғолдардың қол астында өмір сүрумен катар Селжұқтар мен Османлықтар дәуірінде де көптеген жерлерге үстемдік етті. Сафеуи Патшасы Шах Исмаилге көмектесуіне байланысты Чалдыран соғысынан кейін Явуз Сұлтан Селим тарапынан жауапқа тартылыс жазаланды.

Бірінші дүние жүзі соғыстан кейін Француз орталығында өмір сүрген нусарилер уақыт өте келе Сирия мен Антакия аймақтарында автономиялық басқаруға қол жеткізген. Бірақ 1940 жылы бұл автономиялық басқару жойылған, қазір нусарилер Сирия, Түркия және Ливия мемлекеттерінің қол астында діни топ ретінде өмір сүруде. Нусайрилік илах етіп қабылдайтын Хазіреті Әлидің орналасқан жеріне байланысты Хайдария, Шималия немесе Шамсия, Килазия немесе Камария және Гайбия деп төрт топқа бөлінеді.

Көзқарастары

өңдеу

Нусайриліктің көзқарастары Исламнан негіз алуымен қатар, толығымен батыни түсінік пен болжамға сүйенеді. Ал бірқатар көзқарастары Христиан мәдениетінің ықпалында. Нусайри мазһабының киелі кітабы болып саналатын «Китабул-Межму» сенімдерінің қайнар көзі болып табылады. Олардың үкімдеріне қатысты тағы бір шығарма - алдымен Нусайри болған, кейіннен христиандыққа өткен және Тарсуста өлтірілген Аданалық Сулеймен Эфендидің «Китабу Бакураты-с-Сулеймания фи Кәшфи Эсрафи-д-Диянети-н-Нусайрие» атты кітабы.

Нусайрилік көзқарастарының негізін Хазіреті Әлиді тәңірге теңестіру мәселесі құрайды. Нусайрилік көзқарасы бойынша Әли - тәңір, оған ғибадат жасалады. Ол тумады, туған жоқ. Өлімсіз мәңгі бар. Негізі (заты) жұлдыздарға үстемдік ететін нұрлан тұрады. Илаһи негізі (заты) жағынан жасырын. Әли жер мен көктердің жаратылуынан бар болған. Кейіннен имам болғанымен, батыни жақтан ол Тәңір болып табылады.

Тәңір болған Әли Мұхаммедті (с.а.у.) өз нұрынан жаратқан. Әли - «мағына», ал Мұхаммед (с.а.у.) болса «есім». Мұхаммед (с.а.у.) Селман әл-Фарсиді жаратқан. Селман - «баб». Осы үш түсінік А (айн), М (мим) және С (син) символымен анықталады және бір сыр болып табылады. Нусайриліктің осы үш жүйесі Христиандықтағы «Әке-бала-киелі рух» жүйесіне ұқсайды. Баб болып саналатын Селманнан кейін бес ейтам (жетім) келеді. Баб жаратқан деп саналатын бұл бес ейтам мен олардың міндеттері мыналар:

  1. Микдад бин әл-Әсуад - табиғи құбылыстар мен зілзала жұмыстарын жүргізеді.
  2. Әбу Зәр әл-Ғифари - жұлдыздар жұмысын басқарады.
  3. Осман бин Мазум - ризық және ауру істерімен айналысады.
  4. Канбер бин Кадан әл-дәури - рухтарды денелерге жібереді.
  5. Абдуллах бин Реваха - жанды нәрселердің өмірін басқарады.

Осы бес ейтам, сонымен қатар бес үлкен жұлдыз болып саналады. Бұлардан басқа бес уақыт намаз берілген бес масум (күнәсіз) бар. Олар: Мұхаммед (с.а.у.) (бесін намазы), Фатима (намаздыгер намазы), Хасан (намазшам намазы), Хусейн (құптан намазы), Мухсин (таң намазы). Нусайрилік жаратылу, өлім және ғибадат тақырыптарында да батыни тәуилді (сөзге басқа мағына беру) негізге алады. Оларда намаз, дұға және «Китабу-л-Мәжмудан» бір немесе екі сөйлем оқудан тұрады. Намаз оқу үшін дәрет алмайды. Нусайрилікде әхли сүннет сенім мен ғибадаттарындағы сияқты ораза, зекет және қажылық жоқ. Олар бұл ғибадаттарды батыни мағынада түсініп, кейбір символдармен анықтайды.

Нусайрилікте үлкен шейх, шейх, нувеб және имамдардан тұратын 4 топ бар. Нусайри болатын ер адам христиандықтағы вафтиз сияқты діни рәсіммен осы кісілердің алдында ант ету арқылы нусайри болды. Нусайриліктің осы сенім және ғибадат жүйесіне ескі діндердің, мусеви және Христиан мәдениеттерінің тигізген ықпалы зор.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1


  NODES