Нүкіс
Нүкіс (қарақ. Nókis / Нөкис; өзб. Nukus / Нукус) — Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасының астанасы. Халық саны 191 мың адамға (1996) тең.
Қала | |||||||
Нүкіс | |||||||
қарақ. Nókis / Нөкис өзб. Nukus / Нукус | |||||||
| |||||||
| |||||||
Әкімшілігі | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||||
Аймақ | |||||||
Хәкімі |
Ерғали Ілияс | ||||||
Тарихы мен географиясы | |||||||
Координаттары |
42°27′53″ с. е. 59°36′08″ ш. б. / 42.46472° с. е. 59.60222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°27′53″ с. е. 59°36′08″ ш. б. / 42.46472° с. е. 59.60222° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||||
Құрылған уақыты | |||||||
Қала статусы | |||||||
Жер аумағы |
221 км² | ||||||
Орталығының биiктігі |
80 м | ||||||
Тұрғындары | |||||||
Тұрғыны |
325 100 адам (2021) | ||||||
Тығыздығы |
1 500 адам/км² | ||||||
Ұлттық құрамы |
қарақалпақтар, өзбектер, қазақтар, орыстар, татарлар, түрікмендер және басқалары | ||||||
Сандық идентификаторлары | |||||||
Телефон коды |
+99861 22 | ||||||
Пошта индексі |
230100 | ||||||
Басқалары | |||||||
Марапаттары | |||||||
Нүкіс шекарасы
| |||||||
Ортаққордағы санаты: Нүкіс |
Географиялық орналасуы
өңдеуНүкіс қаласы Қарақалпақстанның орталығынада, Ташкент қаласына 800 км солтүстік-батыста орналасқан. Әмудария өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 76 м биіктікте орналасқан. Оңтүстік мен шығысында Қызылқұм шөлімен, солтүстікнде Әмудария өзенімен шектеседі. Қаланы Қызкеткен каналы кесіп өтеді.
Тарихы
өңдеу- 1932 жылдан қала мәртебесі берілген. Нүкіс Хожейлі темір жолы бекетінен 38 км жерде.
- 19 ғ-дың 60-жылдарында қазіргі Нүкістің орнында Нүкіс ауылы болды.
- 1873 жылы Қарақалпақтар Ресей империясы құрамына кіргеннен кейін Нүкісте Әмудариядағы су жүйесін бақылайтын гидрол.
- 1877 жылы Нүкісте бірінші орыс-түзем мектебі ашылды.
- 1930 жылы 12 қарашада Қарақалпақстан өлкелік партия комитетінің өткен бюро кеңесінде Нүкіс ауылын республика орталығына айналдыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін Төрткөл қаласы астана саналатын.
- 1932 жылы жаңа астананың құрылысы басталды.
- 1939 жылы республика мекемелер Нүкіске көшірілді. Нүкісте 1934 жылы педогогикалық институты ашылды.
- 1959 жылы Өзбекстан ғылым академиясының қарақалпақ бөлімшесі ашылды
- 1976 жылы Қарақалпақ мемлекеттік университеті ашылды. Нүкісте Ташкент ауылшаруышылық университетінің, педиатрия мен политехникалық институтардың бөлімшелері, бірнеше колледж жұмыс істейді. Онда құрылыс материалдары (кірпіш, гранит-мәрмәр з-ты) мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, киіз комбинаты, жиһаз ф-касы, 2 театр, өнер, тарихи-өлкетану музейлері бар.[1]
Тұрғындар саны
өңдеуЖыл | 1939 | 1959 | 1974 | 1991 | 1999 | 2010 | 2018 |
Тұрғындар, мың адам |
10 | 39 | 88 | 180 [2] | 199 | 271,4 | 312,1[3] |
Ауа-райы
өңдеуШілдедегі орташа температурасы 27,1°С, қаңтарда –7°С.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Узбекистон Республикаси. Энциклопедия, Таш., 1997
- ↑ «Современный толковый словарь»: изд. «Большая Советская Энциклопедия», 1997
- ↑ Число постоянных жителей в Республике Каракалпакстан на 1 января 2018 года Мұрағатталған 21 наурыздың 2019 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |