Нәсіл (фр. race , итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Нәсілдерді зерттейтін ғылымды антропология деп атайды.

Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер

өңдеу

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер

өңдеу

Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Монголоидтік нәсілдердің де өздеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Бұл негізгі үш нәсілден ғалымдар Солтүстік Америкадағы үндістер мен аустралиялықтарды өз алдына жеке нәсілдер деп бөледі. Үндістердің сыртқы түрі өздеріне тән қыр мұрынды, сопақ бетті, ұзын шашты болып келеді. Ал аустралиялықтардың терісі қара түсті, шашы толқын пішінді (бұйра емес), сақал-мұрты қалың өседі. Аустралиялықтардың тісінің құрлысы, қан құрамы, саусақ бедерлері жағынан монголидтік нәсілдерге ұқсас болып келеді.

Антрополог ғалымдар бұл негізгі нәсілдерден басқа әрбір нәсілдің ішінде жеке нәсіл топтарын ажыратады. Жеке нәсіл топтарын екінші және үшінші реттік нәсіл топтары деп атайды. Бұл топтардыңда өзіне тән сыртқы белгілері болады.

Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалыдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдік тұжырым деп атайды. Ол гректің «Monos» — «бір» және латынның «centrum» — «орталық » деген сөздерінен алынып, «бір орталықтан шыққан» деген ұңымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым – полицентризм (грекше «полис» – көп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болады деп түсіндіреді. Көпшілік ғадымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов өзінің көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігі атап көрсетті. Нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайарының әсеріне бейімделуін нәсілтану ғылымы зерттейді.

Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдар нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді басқа нәсілдерден жоғары, қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілеті, дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, төмен дәрежелі деп кемістеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық тудырып, нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз деп те кемсітеді, осындай дәлелсіз пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана бұрмалап түсіндіреді.

Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамын зерттеген ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп берді. Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес зандылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын заңдылықтар туралы пікірін қоғамға да қатысы бар деп арнайы ұрмалап түсіндіруге тырысады. Мұндай теріс пиғылдағы теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Әлеуметтік дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған қатігездік, жауыздық, мейірімсіздік «басым белгілер» болады деп түсіндіреді. Мұндай теорияны уағыздаушылар «қоғамда күштілер мен мықтылар өмір сүруге тиіс, ал әлсіздер жойылып отырады» деген пікірді ұсынады. Әлеуметтік дарвинизм теориясы әрбір қоғамдағы мықтылар мен іскерлер табиғи сұрыпталу арқылы пайда болған деп уағыздайды. Қоғамда сондай өмірге бейім адамдарға бар мүмкіндік жасалуы тиіс деген пікірді қолдайды. Нәсілшіл ғалымсымақтардың пікірінше, қоғамда болатын теңсіздік-табиғи сұрыпталудың жемісі, адамдардың биологиялық теңсіздігінің нәтижесі деп жекелеген адамдарды қорғауға тырысады. Әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын кезінде Ф.Энгелс, көрнекті орыс ғалымы К.А.Тимирязев әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғалымдарының жетістіктері де әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр.

Негроидтік нәсілдерге тән белгілер

өңдеу

Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра, әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.[2]

 
негройдтық нәсіл

Раса[3] (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады. ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

  • Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;
  • адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;
  • адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;
  • адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;
  • ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Р-ларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Р. жігінде аралас кіші Р-лар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Р-лар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) Р. бар. Оның өзі мынадай үш антропол. нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропол. нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар);

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  3. Қазақша энциклопедия 7 том.

[[Санат:Нәсілдер]

  NODES