Ойыншықбаланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.

Текше пішінді рубик ойыншығы

Дидактикалық ойыншықтар

Баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcеді. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен т.б.танысады.

Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар,матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б.

Бейнелік ойыншықтар

 
Қазақша нақыштағы ойыншықтар

Бейнелік,ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ) ; адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сөздік қоры артады.

Техникалық ойыншықтар

Техникалық ойыншықтарға жатытындар көліктік, құрылыстық т.б бұйымдар. Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді.

Конструкторлық ойыншықтар

Конструкторлық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы алмалы-салмалы) тақырыптық, сұлбалық, немесе әмбебап конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерден тұрады.

Дереккөздер

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев, 1991.

Сілтеме

  NODES