Окинава (арал)

Окинава аралы - Жапонияның Рюкю архипелагындағы арал. Ұзындығы 110 км, ауданы 1254 км^2. Жағалауы тілімделген, маржанды рифтермен қоршалған. Аралдың солтүстік-шығысы мен орталық бөлігі(498 м) аласа таулар, ал көпшілік бөлігі ойпатты жазық. Климаты- субтропиктік, муссондық; жылдық жауын-шашыны 2000мм. Тайфун болып тұрады.

Окинава аралы
  NODES
os 1