«Ол» (ағылш. It) — америкалық жазушы Стивен Кингтің романы. Алғаш рет 1986 жылы Viking Press баспасында жарияланды. Шығармада Кинг үшін маңызды тақырыптар қозғалған: бірігудің күші, бала кездегі жарақаттардың ересек кезге әсері және т.б. Шығарманың негізгі желісі ойдан шығарылған Мэн штаты, Дерри қаласындағы жеті жасөспірімнің балаларды өлтіруге құмар, кейіп өзгерте алатын құбыжықпен күресуі аясында өрбиді. Романда бірден бірнеше уақыт аралығы қамтылған. Бірде бас кейіпкерлердің балалық шағы, ал бірде ересек кезеңі баяндалады[1].

Роман жайлы

өңдеу

Алғашында Стивен Кинг ең басты зұлымды көпір астындағы троль ретінде көрсетпек болған. Кейіннен жазушы кейіпкерге вампирлік, жатғаламшарлық сипат беріп, әртүрлі құбыжықтардың жиынтық образын жасап, антогонистке айналдырады. Кинг романды жазу жайлы алғаш Боулдер қаласында ойлаған. Десе де кітаптағы оқиғалардың туындауына шабыт берген ол Бангор қаласы. Бала кейіпкерлердің мінез-құлқын Кинг өзінің бала кезіндегі естеліктеріне сүйеніп жасаған. Кітап басылып шыға сала бір жыл ішінде 2 миллион дана тиражбен таралып кетті.

Дереккөздер

өңдеу
  NODES