Оратория [1](итал. оrаtorіoайтамын, өтінемін) – эпикалық-драмалық сюжетке құрылып, симфонияық оркестрдің сүйемелдеуінде орындалатын көп бөлімді, музыкалық шығарма. 16 – 17 ғасырларда Италияда пайда болған оратория бастапқыда діни мазмұнда жазылды. 18 ғасырда Г.Гендель ораторияның озық үлгілерін жасады. Оратория 19 – 20 ғасырлардың классик композиторлары Г.Берлиоз, Ф.Лист, К.Сен-Санс, К.Дебюсси, М.В. Коваль, С.С. Прокофьев, А.Г. Рубинштейн, Ю.А. Шапорин, Д.Д. Шостакович, Г.В. Свиридов, т.б. шығармаларында кең өріс алды. Ораториядағы музыкалық образ хор, оркестрлік эпизодтар, ария, речитативтермен баяндалады. Ораторияға жеке әнші немесе дуэт, трио, квартет сияқты ансамбльдер қатысады. Ораторияның желісін күшейтіп отыратын көп дауысты хор. Ораторияда опералық спектакльдегі сияқты декорация болмайды, концерт ретінде, ашық сахнада орындалады. Қазақстанда оратория 20 ғасырдың 2-жартысында пайда болды. Алғашқы қазақ ораториясы С.Мұхамеджановтың “Ғасырлар үні” болып саналады. Кейін қазақ композиторлары бұл жанрды дамытуға өз үлестерін қосты. Оратория үлгілерін Ғ.Жұбанованың, Қ.Қожамияровтың, Б.Жұманиязовтың М.Маңғытаевтың, Т.Қажығалиевтың шығармаларынан көруге болады. [2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


  NODES
os 1