Офиолиттер
Офиолиттер — ультранегізді-негізді интрузиялық (периодиттер, серпентиниттер, габбролар және т.б.), негізді эффузиялық (базальттар, диабаздар, спилиттер; некен-саяқ және аз мөлшерде кератофирлер ұшырасады) және пелагиалдық шөгінді таужыныстардың ұдайы бір-бірімен орайлас ұшырасатын кешені. Соңғы жылдары жүргізілген геологиялық зерттеулерде мұхиттық жер қыртысының өткен геологиялык замандарда материктер өңіріне шығып қалған жұрнақтары деп қарастырылады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. іSВN 5-7667-8188-1 іSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |