Папайя
Папайя
Папайя | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Carica papaya Карл Линней |
Емдік және тағамдық қасиеттері
өңдеуПапайяның жас жемісі витаминдерге бай, сондай-ақ ас қорытуға аса пайдалы. қойыңыз, сонан соң папайя жемісін әсіресе ет, тауық немесе жұмыртқа жегенде іші бұзылатын, әлсізденген немесе қарт адамдардың қабылдағаны жөн. Папайя астың жақсы қорытылуына көмектеседі.
Папайяның ішек құртынан арылуға да көп пайдасы бар, әрине, бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда жақсы әсер ететінін айта кеткен жөн. Жемістен бөлінетін немесе агаштың діңін кескен кезде ағатын сүт тәрізді сұйықтан 3 немесе 4 шай қасықты толтырып алыңыз (15— 20 мд). Оны сондай мөлшердегі қантпен немесе балмен араласты-рыңыз да осы қоспаға бір пиала ыстық су құйыңыз. мұны мүмкіндігінше ішті жүргізетін дәрімен қосып ішкен жөн.
Немесе, папайяның дәнін кептіріп, үгітіңіз. 1 стакан сумен немесе балмен араластырылған үнтақты 7 күн бойы 3 рет 3 қасықтан ішіңіз.
Папайя қан қысымынан туатын ауыруды емдеу үшін де қолданылуы мүмкін. Аталған жемістің құрамында өлген ткандарды жұмсартатын және бөлініп түсуіне жағдай жасайтын химиялық қосылыстар бар. Ең алдымен тканы өлген ауырған жерді тазартып жуыңыз. Сонан соң папайя ағашының діңінен немесе оның көк жемісінен алынған сүт тәрізді сұйықты таза матаға немесе мәрліге салыңыз. Тазарту мен таңуды күніне 3 рет қайталаңыз.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9