Полиэн (т.-ө. ж. б.) — ежелгі Рим тарихшысы. Полиэн Македонияда туып, Римде өмір сүрген. Римде адвокат әрі шешендік өнер сабағының мұғалімі болған. “Соғыс айласы” атты еңбек жазған. Полиэнның бұл еңбегі Рим мен Парфия патшалығы арасындағы соғыстың (162 — 65) бас кезінде нақты деректерге сүйеніп жазылған. Мұнда шайқастар, бекіністерді қоршау баяндалады, соғыс айласы жөнінде мысалдар, т.б. деректер келтіріледі. Сонымен қатар Полиэн түркі халықтарының ауыз әдебиеті үлгісі — “Ергенекон” дастанына қатысты бірқатар деректер қалдырған. Полиэнның Македония, Фива жайлы жазған басқа еңбектері бізге жеткен жоқ.

Дереккөздер

өңдеу

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


  NODES