Протеасома — қажетсіз немесе ақаулы ақуыздарды ыдырататын күрделі молекула, ол эукариоттар, архейлер және кейбір бактериялардың жасушаларында болады.

Жасуша ішіндегі ақуыздарды ыдырату протеолиз реакциясы арқылы өтеді, ол кезде молекулаларындағы пептидтік байланыстардың үзілуімен ақуыздар қысқа пептидтерге ыдыратылады, кейін жеке аминқышқылдарға дейін бөлінуі мүмкін. Протеасома қажетсіз ақуызды ыдыратуға кірісу үшін соңғыға убиквитин деп аталатын кішігірім ақуыз қосылуы керек. Убиквитин протеасомаға ілігіп, протеолиз реакциясы басталады.

2004 жылы Аарон Чехановер, Аврам Гершко және Ирвин Роуз убиквитинге тәуелді ақуыздың ыдырау механизмін ашқаны үшін химия саласындағы Нобель сыйлығын иеленді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Nobel Prize Committee Nobel Prize Awardees in Chemistry, 2004 (2004).
  NODES