Психометрия (гр. metron — өлшем) — әуел баста: психикалық процестердің уақыттық сипаттамаларын өлшеу; қазіргі уақытта психометрия дегенде көбіне психологиядағы өлшеулермен байланысты мәселелердің бүкіл тобы ұғынылады. Бұл тұрғыдағы ұғымда психометрияға психофизика да қамтылады. Психометриялық процедуралардың аса маңызды белгісі олардың стандартталғандығы болып табылады, яғни зерттеулердің мүмкіндігінше неғұрлым тұрақты сыртқы жағдайларда жүргізілуі көзделеді. Алынған мәліметтер негізінде индивидуумдық қасиеттердің әр түрлі шкалалары түзіледі де, нақты бір әдістеменің (тесттің) сенішілігі мен валидтілігі туралы қорытынды жасалады. Соңғы жылдары өзгермелі жағдаяттарды да, сондай-ақ сыналушылардың индивидуумдық ерекшеліктерінде де ескеруге мүмкіндік беретін психометриялық процедуралар мен модельдер жасауға беталыс байқалады. Алайда зерттеулердің жалпы психологиялық және дифференциалдық — психологиялық бағыттарын шын мәнінде біріктіру әлі жүзеге асқан жоқ.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
  NODES
Done 1