Рамакришна

Үнді индус монахтары мен философы



Рамакришна (сопылық есімі; шын аты — Гададхар Чаттерджи, баңлаша রামকৃষ্ণ পরমহংস, баңлаша গদাধর চট্টোপাধ্যায়;) (18. 2. 1836, Камарпукур, Бенгалия—16.8.1886, Калькутта) — неоиндуизмнің өкілі, гуманизм идеяларын насихаттаушы, Үндістан қоғам қайраткері. Рамакришнаның көзқарасы үндістандағы ірі діни ағымдардың және йогтардың принципі бойынша мистицизммен іс жүзінде ұзақ шұғылдану ықпалымен қалыптасты. Рамакришна өзін веданттық абсолюттік идеализмнің ізбасары санай отырып, материалды дүниенің шындығын мойындайды. Сөйтіп Шанкараның абсолютті монизмі (адвайт) мен Рамануджидің шектелген монизмін (вишиштадвайты) біріктірмекші болады. Рамакришна Үндістанның және бүкіл адамзаттың қайта өркендеуі үшін әлеуметтік өмірдің бірден-бір ірге тасы болып табылатын діни рухты тарату қажет деп санайды. Адамның жер бетіндегі өмірінің ең жоғарғы мақсаты — тәңірін сүю және оған берілу арқылы жаратушыны тану дейді. Рамакришнаның өсиеттері арқылы үнді национализмінің идеологиясы әуел бастан-ақ діни сипат алады.[1][2]

Ramakrishna

Ramakrishna at Dakshineswar
Дүниеге келгені: Gadadhar Chattopadhyay
18. 2. 1836
Kamarpukur, Bengal Presidency, British India
(now in West Bengal, India)
Қайтыс болғаны: 16.8.1886
Calcutta, Bengal Presidency, British India
(now Kolkata, West Bengal, India)
Ұлты: Indian
Жұбайы: Sarada Devi

Дереккөздер

өңдеу
  NODES
chat 1