Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы терінің кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен қарашықтың күңгірттенуіне (катаракта пайда болуына) әсерін тигізеді.

В2 дәрумені тотығу және қайтадан қалпына келтіру реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 дәруменінің зат алмасуындағы маңызы да өте зор. В2 дәрумені әсіресе жасушаның яғни ағзаның өсіп-өніуіне әсерін тигізеді. Бұл дәруменнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін де төмендетеді. В2 дәруменінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар. Әсіресе, бұл дәрумен А дәруменімен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі айыруына қажет.

С дәрумені жеткіліксіз болғандағыдай, рибофлавин гаповитаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі – ұқсас қан тамырларынын әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 дәруменінің жетіспеушілігі бірте-бірте бауыр мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Жалпы В2 дәрумені жеткіліксіз болғанда, адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні жарылып, шаншып ауырады. Көзден жас ағып, жарыққа қарай алмайды, көздің көруі де нашарлайды. Кездесетін белгісінің бірі — аузы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып, қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында «ауыздық» деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршықтанып кетеді. Ағзадағы флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 дәрумені кіреді. Демек, В2 дәрумені жетіспегенде ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады. Рибофлавин картопта, капустада, қара нанда, ашытқыда, помидорда, сәбізде, жұмыртқада, бауырда, сүтте және сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. В2 дәрумені дәрі ретінде де қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.

Дереккөздер

өңдеу
  NODES