РубльКСРО-ның, Ресей Федерациясының ақша өлшемі. Бір рубль 100 копейкаға тең. “Рубль” сөзі 13 ғасырда солтүстік-батыс Ресей жерінде әуелгі “гривна” терминінің синонимі ретінде пайда болған. Бұл кезде рубль ұзындығы 20 см-ге дейін жететін және салмағы шамамен 200 г күміс жамбы болатын, ол күміс шыбықтан шауып алынды. 14 ғасырдан бастап есептік ақша өлшеміне айналды, 1 рубль 100 деньгаға тең болды. 16 ғасырда рубль 100 копейкаға немесе 200 деньгаға теңдестірілді. 1704 жылдан тұрақты түрде шекіліп тұрды. 1843 жылдан рубль қағаз қазынашылық билет түрінде шығарыла бастады. 1897 жылдан алтын рубль Ресейдің ақша өлшеміне айналды (құрамындағы алтынның мөлшері 0,774235 г). 1961 ж. қаңтарда рубльдің құрамындағы таза алтынның мөлшері 0,987412 г болып белгіленді. КСРО-дағы саяси дағдарысқа байланысты рубль 90-жылдардың басынан барынша құнсызданды. Қазіргі кезде рубль еркін валюта айналымына енгізілген. [1]

Дереккөздер:

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том


  NODES