Самұрық — қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын, қыран тәрізді алып құс [1]. Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады. Аңыз бойынша Самұрық өлгенімен, қайта тіріле алады.Өлгенде де, тірілгенде де от болып жанады [2]. Самұрық құсы адамша сөйлесіп, аңыздың негізгі кейіпкеріне өз рахметін айтады. Ұшқанда күннің бетін көлегейлей ынтымаққа бастайтын алып құс; қуаныштан шаттанып күлгенде аузынан будақ-будақ төгіліп аппақ гүлдер түсетін ғажайып құс; мұңая тұрып жылағанда жасаураған көзінен мөлді­реп моншақ-моншақ маржан төгiлетін ғаламат­қа бергісіз құс.

Феникс, Фридрих Джастин Бертух (1747–1822)

Қазақ даласында 80 миллион жыл бұрын өмір сүрген Самұрық құстың қаңқасы табылды. Ғалымдар алып­тығымен ерекшеленген құсқа «Samrukia nessovi» деген атау берді. Әзірге Ұлыбритания­ның Портсмут универси­тетінің профессоры, доктор Даррен биіктігі 2-3 метр­лік, салмағы 50 келіден асатын, қанатының ұзындығы 8 метрге жететін айрықша құс деп өзіндік жорамал ұсынды [3].

«Samrukia nessovi» қаңқасы Азияда бірін­ші рет табылып отыр, мұндай жағдай әлемде екінші екен, өйткені, 1995 жылы француз жерінен кездескен дәл осы Бор дәуіріне жататын құс омыртқасының сүйегі ғылыми-көп­шілік басылымдарда талқыға түскен. Енді ұлы дала төсінен табылған Самұрық құстың жұм­бақтау қаңқасы ғылым үшін берер өзгеше жаңалығымен ерекшеленеді дер едік.

Адмирал Этьен де Флакур 1658 жылы «Үл­кен Мадагаскар аралының тарихы» кіта­бын шығарды, онда қияндағы бір түкпірде ұзақ уақыт болған кезеңде байқағаны мен аңғарған­дарын қағазға түсірген. Оқып таныс­қан кісілер көптеген дәйектер адам сенбейтін қиял-ғажа­йып оқиға секілді таңырқай қарап, сенімсіздеу, саяхатшының ойдан қосқан мысалдары ретінде қабылдады. Негізінде бұл жазбалардың нақты шындығы бір ғасыр өт­кенде ғана анықталып жатты. Орман ішінде кездестіретін құс туралы Флакур былай деп жазды: «Вургатра – Ампатрада өмір сүретін үлкен құс, оның жұмырт­қалары страустікіне ұқсас келеді, далалы өңір­ден де кездестіруге болады…».

Зерттеуші П.Т.Әуесбаева «Ертегі поэтикасындағы Самұрық образы» атты мақаласында: «Зымырық құстың түркі халықтарындағы атауы да алуан түрлі: Самұрық, Симыр, Семір, Синамарка, Замурак, Зюмород, Зумрад, Алып-Қарақұс. Парсы тілінде «Семиург- отыз құс» деген мағына береді. Көне түркі тіліндегі «Semirgyr otti qys» деген сөздің мағынасы Авестадағы көк тәңір иесі  әлемдік таңғажайып  жақсылық образындағы мазмұнмен сәйкес. Ол кейінгі «бақыт құсы» деген ұғымдарға ауысқан, - дей келіп, «Бұл образдың дүниежүзілік фольклорда кездесетіндігіне, көне үнді мифологиясындағы қасиетті құс Гарудамен, шығыс славяндарындағы Ноғай немесе Нағай атты құспен көп ұқсастықтарының бар екендігіне тоқталады.

Мифология

өңдеу

Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  NODES