Сары раушан (лат. Solidago virgaurea) – астралылар тұқымдасы, алтыншыбық туысына жататын биіктігі 1 метрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сары раушан

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Asteroideae
Тайпасы: Astereae
Кіші тайпасы: Solidagininae
Тегі: Solidago
Түрі: Сары раушан
Екі-есімді атауы
Solidago virgaurea
L.

Сипаты

өңдеу
  • Сабағы жіңішке, тік өседі, жоғарғы жағы бұтақты.
  • Тамырынан өсіп шыққан жапырақтарының сабақтары ұзын, эллипс тәрізді. Сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары сопақша, отырмалы.
  • Гүлдері алтындай сары, өсіміктің жоғарғы жағына сыпырғы сияқты шоқтала орналасқан. Сары раушанның орыс тілінде "золотая розга" деп аталатыны да гүлдерінің осындай түсіне байланысты. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Селдірлеу ормандарда, бұталар арасында, тастақты жерлерде, тау етектерінде өседі.

Емдік қасиеті

өңдеу

Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жоғарғы жағындағы бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында илік заттар, сапониндер, эфир майлары, алкалоидтар бар.

  • Халық медицинасында несеп айдайтын дәрі ретінде, бүйрек қабынғанда, қуыққа, бүйрекке тас байланғанда, денеде ісік пайда болғанда пайдаланады.
  • Сонымен қатар бұл өсімдікпен ревматизмді, подаграны емдейді.
  • Дене сыртындағы жараларға жапырақтарын кептіріп, ұнтақтап себеді

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

өңдеу

Ұнтақталған өсімдіктің 6 шай қасығын алып 2 стақан салқын суға салады да, 8 сағат тұндырады. Дайын болған дәріні бір күн ішінде ұрттап ішіп тауысады.[1]

Мал дәрігерлігінде қолдану

өңдеу

Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің сабақ – жапырақтары орылып алынып, қуратпай кептіріледі. Мал дәрігерлігі практикасында өсімдік шөбін іш өткенде тоқтату үшін, ал гүлінің тұнбасын бүйректің,қуықтың қабынуын басу үшін қолданады. Ал оның жаңа ғана жұлынып алынған жапырағы тері жараларын емдеуге пайдаланылады. Орта есепен ірі малға сары раушанның шөбі де, гүлі де 20 – 30 грамм мөлшерінде ішкізіледі. Бұл өсімдік мал, әсіресе ірі қара сүйсініп жейді. Оның шөбі шауып алынып , сиырға, бұзауға, қойға кәдімгі шөб ретінде де беріледі. Ал дәрі ретінде оның гүлінің тұнбасы (1:10) пайдаланылады.[2] [3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
  2. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
  3. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.

Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Сары раушан — "Қайнар", 1988. — Б. 173-174. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.

Тағы қараңыз

өңдеу
  NODES
Idea 1
idea 1