Сары қызба
Инкубациялық кезеңі 3-6 күн (10 күнге дейін). Бастапқы кезеңі гиперемия фазасы. 3-4 күн ішінде өтеді және кенет дене қызуының 39-40С-қа дейін жоғарлауымен, айқын қалтыраумен, интенсивті бас ауруымен және таралған миалгиямен сипатталды. Аурудың 1-2 күндері көп науқаста бетінің, мойынның және кеуденің жоғарғы бөлімдерінің гиперемиясы және ісінуі байқалады. Склера және коньктиваның қан тамырлары ашық гиперемирленген (“қоянның көзі”) көзден жас ағу байқалады. Әдетте тамыр соғысы жиілеген, келесі күндері брадикардия және артериальды гипотензия дамиды. Көп науқастарда бауыры ұлғайған және ауырсынады. Бастапқы кезең соңында петехиялар және экхимоздар пайда болуы мүмкін.
Гиперемия кезеңі қысқа уақытты ремиссияға ауысады (бірнеше сағаттан 1-1,5 тәулікке дейін). Бірқатар жағдайда ремиссия сауығу фазасына өтуі мүмкін, бірақта жиі аурудың келесі науқасымен ауысады. Венозды стаз кезеңі. Науқастың жағдайы нашарлайды. Дене қызуы қайтадан жоғарлайды, сарғаю өте айқын болады. Тері жабындылары бозғылт. Дене және аяқ-қол терісінде петехия, экхимоз түрінде жайылған геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Қызыл иектің қанталауы, көп ретті қан құсу, мұрыннан және жатырдан қан кету байқалады. Шок дамиды. Тамыр соғысы әдетте сирек, әлсіз толған, қан қысымы төмендейді, олигурия немесе анурия дамиды. Аурудың 7-9 күндері науқастың өлімі шок, бүйрек және бауыр жетіспеушілігі нәтижесінде болады. Қызбалы кезең ұзақтығы орташа 7-9 күн, одан кейін ол реконвалесценция кезеңіне өтеді.
Диагностика.
өңдеуСҚ диагнозы науқастың қанынан СҚ вирусын (аурудың бастапқы фазасында) немесе оған антиденелерді (аурудың кеш кезеңдерінде) РСК, НРИФ, РТПГА тапқан кезде дәлелденеді. СҚ-ның салыстырмалы диагностикасы геморрагиялық қызбаның басқа түрлерімен, вирусты гепатитпен, безгектің қатерлі түрлерімен жүргізіледі.
Емі
өңдеуСҚ науқастары масалардың кіруінен қорғанған стационарға жатқызылады. Парентеральды зақымданудың профилактикасы жүргізіледі. Терапиялық шараларға шокқа қарсы комплекс және дезинтоксикациялық заттар бұзылған гемостаз коррекциясы жатады. Айқын азотемиямен жүретін өршитін бүйрек, бауыр жетіспеушілігі жағдайында гемодиализ немесе перитонеальный анализ жүргізіледі.
Профилактика
өңдеуИнфекция ошақтарында СҚ-ның арнайы профилактикасы тері антигендирленген вакцина 17Д және сирек вакцина “Дакар” арқылы іске асады. 17Д вакцина 0,5 мл-ден 1:10 қатынасында араластырылған түрде тері астына енгізіледі. Иммунитет 7-10 күннен кейін дамып, 6 жыл сақталады. Егілмеген адамдар эндемиялық аудандардан 9 күнге карантинге ұшырайды.