Сахна (сцена; stage) — театр ойын-сауықтары көрсетілетін орын. Қазіргі Сахна үлгісі драматургияның эволюциялық даму жолымен байланысты қалыптасты. Ол Ежелгі Грекия театрларында орхестра, эллинизм дәуірінде проскений, Ежелгі Рим театрында нросцениум деп аталды. Орта ғасырда қала мен деревнядағы ашық алаңдарда Сахна сияқты діни жанрларының тууымен байланысты Сахнаның алуан түрі (педжент, т.б.) дүниеге келді. 17 ғ-да Англия театрларында Шекспир сахнасы деп аталатын Сахна түрі пайда болды. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда сахна төрін кеңейте түсетін нерспективалық планшеттер қолданылып, оған декорациялар орнатылды. 1539 ж. Виченцада (Италия) Сахнасы алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінген театр ғимараты (арх. СахнаСерлио) түрғызды. Осы театр Сахнасы кейінен пайда болған қораб-сахнаның негізін құрады. Бертін келе: кулисалық жабдықтау (1585, Франция), кулисалық машиналар (1619, Пармадағы Фар- незе театры), айналмалы (1896, Мюнхен) сахна сияқты дамыған Сахна түрлері туды. Қалыптасқан классик. Сахна түрі көрермендер залы жағы ашық (сахна айнасы) тұйық қорап іспетті болып келеді. Сахнаның үлкен-кіші болуы сахна айнасының (мыСахна, Сахна биіктігі сахна айнасынан 2,5 - 3 есе биік, ені 2 есе артық болады) көлеміне байланысты. Сахна алаңы: ойын алаңы, авансцена, аръерсцена және екі қапталдағы кулисалардан тұрады. Сахнаның қаптал-қабырғаларына бірнеше қабатты жұмыс галереялары орнатылады да, оған Сахнаға жарық түсіретін электр техникасы, түрлі механизмдер және оларды басқару тетіктері қойылады. Бұл екі қапталдағы жұмыс галереяларына аспалы көпір арқылы қатынайды. Әдетте драма театрлары Сахнасының еденіне айналмалы шеңбер алаңдар жасалады. Қазіргі кездегі театрлардың көбінің Ссында сахна қалталары бар. Оған көтергіш механизмдер арқылы спектакль декорациялары қойылады. Бұл спектакльді үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.[1]

Сахна

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  NODES