Селфи (ағылш. selfie, яғни ағылш. self – өз дегеннен туындаған) — көбінесе қолында ұстап тұрып, смартфон немесе фотоаппарат арқылы адамның өз-өзін түсірген суреті, яки автопортреті. Әдетте, селфилер әлеуметтік желілерде жарияланады және сонысымен кең қолданысқа енді. Бірнеше адам кірген селфиді «топтық селфи» деп атайды.

Селфи

2013 жылға қарай «selfie» сөзінің кең таралғаны соншалық, ағылшын тілінің Оксфорд онлайн-сөздігіне енгізілген.[1] Сонымен қатар, сол жылы «жыл сөзі» атағына ие болды.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Coulthard, Charissa. Self-portraits and social media: The rise of the 'selfie', BBC News online (7 маусым 2013). Тексерілді 6 сәуірдің 2013.
  2. The Oxford Dictionaries Word of the Year 2013 is… | OxfordWords blog. Blog.oxforddictionaries.com (18 қараша 2013). Тексерілді, 29 қараша 2013.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Selfies
  NODES
Done 1
News 1