Серпентин[1] (латынша serpens — жылан, түсі мен түрі жылан терісіне ұқсас болғандықтан осылай аталған), серпентин тобы — силикаттар класының минералы.

  • Химиялық формуласы: Mg[Si4O10](OH)2.
  • Морфологиясы мен кристалдық торының деформациялануына қарай cерпентин төртке бөлінеді:
    • ұсақ қабыршақты, жапырақшалы — антигорит
    • жіңішке талшықты — хризотил
    • ұсақ түйіршікті — лазардит
    • аморфты — серпофит
  • Сингониясы моноклиндік, ромбылық.
  • Түсі ашық жасылдан күңгірт жасылға дейін, кейде ақ, сарғылт; қатты. 2,5 — 3,5, тығыздығы 2,5 — 2,7 г/см3, жіктілігі жетілген.
  • Серпентин ультранегізді магмалық тау жыныстары құрамындағы оливин мен пироксеннің метаморфизмге және гидротермалдық ерітінділер әсеріне шалынуынан түзіледі. Қазақстанда Мұғалжар, Жетіқара, Семей кенді аймақтарда хром, темір, никель, платина, магнезит, тальк, асбест кендерімен бірге кездеседі.
  • Серпентин әшекей бұйымдар, отқа төзімді материалдар жасау ісінде қолданылады.

Сипаттамасы

өңдеу

Серпентиндер тығыз массалар түрінде кездеседі, кристалдар түзбейді. Кейде олар жапырақты немесе талшықты құрылымға ие (хризотил-асбест). Біркелкі және ашық түсті, көбінесе мөлдір, серпентиннің тығыз түрі асыл серпентин (син: офит) деп аталады және сәндік тас ретінде қолданылады

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2


  NODES