Сирт қаласы (Ливия) – Ливия қалаларының бірі. [1].

Сирта жағалауындағы Сиртика атты ескі ауданда орналасқан. Халық саны 75 358 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың негізін ежелгі гректер қалаған болатын. 1912 жылы Италия-Түркия соғысы кезінде қала итальяндықтардың маңызды форпосты болған.

Билікке Каддафи келген уақытта Сирт шағын қала болатын. Бірақ 1988 жылы ел басындағылар Ливия парламентін Сиртке көшірді. Сонымен қатар 1999 жылы қалада Африка одағын құру жөніндегі Сирттік декларация қабылданды.

2007 жылдың қазанында қалада Судан үкіметінің өкілдері мен Дарфур провинциясындағы көтерілісшілердің арасында келіссөздер өтеді. 2011 жылы Ливияда болған Азамат соғысы кезінде Каддафидің билігінде қалған соңғы қалалардың бірі.

2008 China Railway Construction Ливияда теміржол салу тендерін ұтып алады. Батыстан шығысқа қарай 352 км-ге созылған теміржол торабы салыну керек болатын. Алайда 2011 жылы теміржолды РТЖ салып жатқаны белгілі болды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%B1%D1%85%D0%B0
  NODES