Сословие
Сословие - дәстүрмен немесе заңмен бекітілген және мұрагерлік арқылы берілетін құқықтар мен міндеттері бар әлеуметтік топ. Бірнеше сословиелерден тұратын сословиелік ұйымға олардың жағдайындағы теңсіздік пен артықшылықтардан көрінетін сатылық тән. Сословиелік ұйымның классикалық үлгісі XIV-XV ғғ. феодалдық Францияда көрініс тапты, мұнда қоғам жоғары сословие (дворяндар және дін басылары) және артықшылықтары жоқ үшінші сословиеден (қолөнершілер, көпестер, шаруалар) тұрды. Құл иеленуші және феодалдық құрылысқа тән таптық айырмашылық формаларының бірі. Сословие тек қоғамдағы өзінің нақты жағдайымен ғана емес, сонымен бірге мемлекетте алатын занды орнымен де ерекшеленетін қоғамдық топтар болып табылады. XVIII ғ. II жартысында Ресейде дворяндар, дінбасылары, шаруалар, көпестер мен мещандарға бөлінді. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сословиелік қатынастар да жойыла бастайды, бірақ қазіргі заманда кейбір қоғамдарда сословиелік дәстүр сақталып отыр.[1][2][3]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |