Ставролит (грек. stauros – крест, lіthos – тас), кресті тас – силикаттар класына жататын минерал. Химикалық формуласы: Fe2Al9O7(OH)[SіO4]4. Изоморфты қоспалары: Mg, Fe3+, Zn, Tі, Cr, Co. Түр өзгерістері: цинк-ставролит (7,5%-ға дейін ZnO), люсакит (8,5%-ға дейін Со және 0,9% NіO), нордмаркит (11,6%-ға дейін Mn2O3). Моноклиндік сингонияда кристалданып, қысқа баған, призма тәрізді кристалдар түзеді. Агрегаты жекеленген дән тәрізді; түсі қызғылт қоңыр, шымқай қоңыр, қара, жылтырлығы шыныдай. Қатт. 7,0 – 7,5, тығызд. 3,6 – 3,7 г/см3. Ставролит аймақтық және жапсарлық метаморфизмнің ортаңғы стадияларында сазды шөгінділерден түзіледі. Кристалды тақтатастарда, гнейстерде, гранат, слюда, силлиманит, турмалин, биотит, мусковит, рутил, т.б. минералдармен бірге кездеседі. Үгілгенде серицитке, хлоритке айналады. Ставролит Шығыс [[Сібірде]], Оңтүстік Оралда, Азов теніз мен Байкал көлі маңында, Алтай өлкесінде, Джорджия және Нью-Хэмпшир штаттарында (АҚШ), Тирольда (Австрия), Баварияда (Германия) кездеседі. Ставролиттің ірі кристалдары Намибия мен Теннесси штатынан (АҚШ), люсакит – Лусакадан (Замбия) табылды. Мөлдір түр өзгерістері – сирек кездесетін зергерлік тас.

Staurolite

Staurolite from Pestsovye Keivy, Keivy Mountains, Kola Peninsula, Murmanskaja Oblast', Northern Region, Russia, 2.5 x 2.2 x 1 cm
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы (Fe2+,Mg,Zn)1.5-2Al9[O6|(OH,O)2|(SiO4)4]
Crystal symmetry Monoclinic 2/m
Unit cell a = 7.86 Å, b = 16.6 Å,
c = 5.65 Å; β = 90.45°; Z=2
Ерекшеліктері
Түсі Dark reddish brown to blackish brown, yellowish brown, rarely blue; pale golden yellow in thin section
Кристал пішіні Commonly in prismatic crystals
Сингониясы Monoclinic - Prismatic; Pseudo-orthorhombic
Twinning Commonly as 60° twins, less common as 90° cruciform twins
Үгітіндісі Distinct on {010}
Агреттары Subconchoidal
Беріктігі Brittle
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 7 - 7.5
Streak White to grayish
Diaphaneity Transparent to opaque
Үлес салмағы 3.74 - 3.83 meas. 3.686 calc.
Оптикалық сипаты Biaxial (+)
Refractive index nα = 1.736 - 1.747 nβ = 1.740 - 1.754 nγ = 1.745 - 1.762
Birefringence δ = 0.009 - 0.015
Pleochroism Pleochroism: X = colorless; Y = pale yellow; Z = golden yellow
2V angle Measured: 88°, Calculated: 84° to 88°
Dispersion r > v; weak
Дереккөздер [1][2][3]

[4]

Пайдаланған сілтеме

өңдеу
  1. http://rruff.geo.arizona.edu/doclib/hom/staurolite.pdf Handbook of Mineralogy
  2. http://www.mindat.org/show.php?id=3753&ld=1&pho= Mindat.org
  3. http://webmineral.com/data/Staurolite.shtml Webmineral data
  4. Қазақ энциклопедиясы
  NODES