Стимул (лат. stimulus — мал айдайтын үшкір таяқ, піскіш) — 1) индивидтің психикалық күйлерінің динамикасын туындататын (реакция деп белгіленеді) және оған себептің салдарға қатынасындай қатынаста болатын әсер. Физиология мен психологияда "C" ұғымы тітіркендіру ұғымына тендес. Бихевиоризмде стимул мен реакция арасындағы қатынастар механистік тұрғыда ұғынылады: стимулға көбіне ортаның өзгерістері ("сыртқы әсерлер"), ал реакцияларға организмнің қозғалу жауаптары жатқызылады. Шын мәнінде психологиядағы стимул — ниет, оның нәтижелілігі адамның психикасы, көзқарасы, сезімдері, көңіл-күйі, мүдделері, талпыныстары арқылы білінеді. Стимул бірқатар жағдайларда түрткіге айнала алатын болса да, түрткімен барабар емес; 2) тітіркендіргіштердің рецепторларға тікелей әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі мүшелерде қоздыру тудыратын әсер. Ол қуаты әр түрлі тітіркенулер тудырады. Стимул қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі ағзаларға қоздыру тудыратын әсер. Оның қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.[1]

Стимул- бұл белгілі бір мотив туғызатын рычаг рөлін атқарады. Стимулдар ретінде жеке заттар, адамдардың бір бірімен қарым қатынасы т.б. жатады. Адам кех келген стимулға беріле салмайды. Жеке стимулдарға адам реакциясы қарсы болуы мүмкін.

Адамдардың стимулға жауабы бірдей бола бермейді. Сондықтан адамға стимул әрекет етпесе ол керексіз болып қалады. Мысалы, ақшалық жүйе құласа біз ақщаға ештеме сатып ала алмаймыз, сонда алатын жалақымыз өз стимул рөлін жоғалтады.

Адамды мотивациялау кезінде әр түрлі стимулдар қоданса нда бұл процессті стимулдау деп атаймыз. Стиулдау әр түрлі формаларға бөлінеді. Тәжірибеде ең кең қолданылатын формасы бұл материалдық стимулдау. Бұл стимулдау процессінің рөлі өте үлкен.

Стимулдау мотивациялауға қарағанда өзгеше. Себебі стиулдау арқылы мотивациялау жүзеге асады.

Мотивацияның жасайтын әрекеттері:

- Жігерлік;

- Тырысу;

- Өзінде тұру;

- Адамгершілік;

- Бағыттылық.

Адам бір жұмысқа әр түрлі жігерлік танытуы мүмкін. Ол жұмысты бүкіл күшімен немесе жарты күшімен орындауы мүкін. Ол онай жұмысты тандауы мүмкін немесе қиын жұмысты, ол жұмысты шешу үшін қиын әдісті тандуы мүмкін немесе онай әдісті. Осының бәрі адамның қанша жігерлік танытатының айқындатады. больших усилий при выполнении своей работы.

Ұйымда жұмыс істеу үшін адам әр-түрлі талпынуы мүмкін.Біреуге жұмыс сапасы жаман болса да бәрібір болса, ал екінші ол жұмысты жақсы істеп, жұмыстан ерінбей, ұйымдағы қарым-қатынасты жақсартқысы келеді .

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
  NODES