Сусылдақ (лат. Bucephala clangula) – Қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдас тармағына жататын Сусылдақ үйректер туысының үйрегі.

Сусылдақ
Adult male
Adult male
Adult female
Adult female
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Anatidae
Кіші тұқымдасы: Сусылдақ үйректер
Тегі: Bucephala
Түрі: B. clangula
Екі-есімді атауы
Bucephala clangula
(Linnaeus, 1758)
Subspecies
  • B. c. clangula (Linnaeus, 1758)

(Eurasian goldeneye)

(American goldeneye)

Синонимдері

Clangula clangula

Bucephala clangula

Басы үлкен, дене бітімі мығым, едәуір ірі денелі (0.5-1.4 кг) үйрек. Жалпы қара реңді, аталықтың төсі қарама-қарсы ақ реңді,қанатында көзтартары бар және аяғында дөңгелек теңбілдері болады. Аналықтары айтарлықтай қарама-қарсы реңді емес, негізгі реңкі – қошқыл қоңыр. Құстың бұл түрі ұшып жүріп, қанатымен өзіне тән ызыңдаған дыбыс шығарады. Еуразияның және Солтүстік Американың орман зонасында таралған, Қазақстанда орманды дала зонасында орын тебеді. Қуысты ескі ағаштары бар жерге таяу көлдерде болады. Бұл үйрек ұяларын ағаш қуыстарына орналастырады. Салындыдағы 4-14 сұрғылт жасылдау жұмыртқаларды аналығы басады, аталығы алғашқы күндері ұяны маңайлап ұшып жүреді. Аталықтар инкубациялық кезеңнің орта шенінде ұялау аумағын тастап, түзу сызық жасап топталады. Жұмыртқа жарып шыққан балапандар ұяда бір тәулік болады да, денесін кептіріп, күш жинаған соң аналықтың қарқылдаған дауысын да жақыннан естіп, ұядан кетеді. Негізінде сусылдақтар жануартекті азықтармен қоректенеді[2].

Дереккөздер

өңдеу
  1. BirdLife International Bucephala clangula. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра
  NODES
INTERN 2