Сәлбен , шалфей (лат. Salvia) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар тегі. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.[2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10] [11] [12] [13]

Сәлбен
Meadow Sage (S. pratensis)
Meadow Sage (S. pratensis)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Nepetoideae
Тегі: Salvia
L.[1]
түрлері

700-1000 түрі белгілі

Өсімдік туралы

өңдеу

Сәлбен - тауқалақай туысына жатады. Тұқымдасында 700-ге жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық жылы аймақтарында таралған. Біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы түрлері бар. Тропикалық аймақтарда ол көпжылдық өсімдік болғанымен, біздің климаттық жағдайда тек біржылдық гүлдер. Биіктігі 20-50 см аралығында. Молынан гүлдейтін кезі шілде айынан бастап алғашқы суық түскенге дейінгі аралық. Түріне қарай гүлінің түсі ақ, күлгін, күрең, қызыл, қызғылтым болады.

Қолданылуы

өңдеу

Қызыл түсті түрі ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Қала көгалдандыруда да қызыл түсі үлкен қолданыста. Гүлзарларға және түбектерге де егеді. Жеке аулаларға бойы 25-30 см-лік түрлерін өсірген дұрыс. Биік түрлерін жиі және молынан отырғызбаса, гүлі сирек болып көрінеді. Түсіне, биіктігіне қарай жеке-жеке топтастырып отырғызған дұрыс. Сәлбеннің 5-6 түсті түрінен ғана жеке гүлзар жасауға болады. Түбектерге аласа түрлерін отырғызады. Әр көшеттің арақашықтығы 18-20 см-ден кем болмауы керек.

Күтімі

өңдеу

Ашық күнде және алакөлеңкеде де өсе береді. Алакөлеңкеде егілген гүлінің түсі қанық, гүлдеуі ұзағырақ болады. Топырағы жеңіл, орташа құнарлы, ылғалды болғанын қалайды. Жаз айында түбін бірнеше дүркін қопсытып, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айында жинайды.

Көбейтілуі

өңдеу

Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінге бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің аяғында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап 60 күннен кейін гүлдей бастайды. Сонымен қатар қалемшелеп те көбейтуге болады. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.

Сәлбен туралы тақпақ

өңдеу

Сәлбен - гүлдің атауы,

Одан гүлшоқ жасады.

Қызыл гүлі құлпырар

Түссе күннің шапағы.

Қызыл гүлдер ырғалды,

Ұмытпа гүл сыйлауды.

Көрікті етіп тұрады ол

Гүлкілем мен гүлзарды.

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Біржылдық гүлдер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б; ISBN 978-601-7237-49-3

  1. Salvia L.. Germplasm Resources Information Network. United States Department of Agriculture (10 қыркүйек 2004). Тексерілді, 15 желтоқсан 2009.
  2. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  3. «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
  4. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  5. «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998;
  6. «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
  7. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;
  8. «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  9. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  10. «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
  11. «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;
  12. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
  13. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.



  NODES
Done 1